«Экономика» (ВАЕ) бағдарламасының студенттері күрделі әлеуметтік және экономикалық жүйелерді талдайды әрі экономиканың әр түрлі бағыттарындағы мансаптық өсу үшін үздік кәсіптік дағдыларын алады. Экономикалық теорияны зерделеу бизнес, нарықтар, қаржы, сауда, мемлекеттік саясат, халықаралық мәселелер, жаһандану, денсаулық сақтау сұрақтары, еңбек қатынастары, әлеуметтік даму және экология мәселелерін, олардың іске аысрылуын егжей-тегжейлі түрде қарастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама таңдалған саладағы негізгі мамандануды ұсынады, бұны КИМЭП Университетінде бизнес және әлеуметтік ғылымдардың кез келген саласындағы қосымша маманданулар мен элективтермен біріктіре оқуға болады.
Оқытушылар құрамы
Бағдарлама оқытушыларымыз – шетелдегі (Германия, АҚШ, Швеция, Ұлыбритания мен Ресей Федерациясы) көшбасшы университеттерінен докторлық дәрежелеріне ие тәжірибелі кәсіпқойлар ұжымы. Оқытушыларымыз ғылыми-зерттеу қызметімен және еңбек нәтижелерін халықаралық деңгейде жариялаумен белсенді айналысады. Штаттық оқытушылардың барлығы еңбектерін халықаралық деңгейде жариялайды.
Ұлттық рейтинг және халықаралық аккредитация
- Ұллтық білім беру бағдарламалар рейтингі: жоғары білім беру бағдарламалары (БСҚА деректері бойынша): 2020 жылғы «Экономика» мамандығы бойынша рейтингтегі 1-ші орын.
- Іскерлік әкімшілдік бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу қоры (FIBAA) берген халықаралық мамандандырылған аккередитация
Экономика бакалавры дәрежесін алу үшін студент 146 КИМЭП кредитін / 240 ECTS алуы қажет.
КИМЭП кредиттері | ECTS | |
Жалпы білімдік талаптар | 36 | 56 |
Негізгі бағдарлама талаптары | 68 | 112 |
Бағдарламаның міндетті пәндері | 36 | 60 |
Қорытынды аттестация | 6 | 12 |
Міндетті кредиттердің барлығы | 146 | 240 |
Жалпы білімдік талаптар (36 КИМЭП кредиті/ 56 ECTS)
Студенттер жалпы білімдік пәндерді академиялық кеңесшілерден кеңес алып таңдауы керек. Төменде ВАЕ бағдарламасының студенттері үшін кейбір ұсыныстар көрсетілген.
Жалпы білімдік талаптар каталогтың «Жалпы білімдік талаптар» тарауында түсіндіріледі.
Негізгі бағдарлама талаптары – (68 КИМЭП кредиті/ 112 ECTS)
Бағдарламаның негізгі пәндері: (32 КИМЭП кредиті/ 5 ECTS)
Пән коды | Пән атауы | Кредиттер | ECTS | Пререквизитер |
KAZ/RUS21021.2 | Кәсіби қазақ (немесе орыс) тілі | 2 | 3 | Жоқ |
ENG1110 | Академиялық сөйлеу | 3 | 5 | Жоқ |
ENG1121 | Академиялық оқу және жазу II | 3 | 5 | Жоқ |
ECN1101.2 | Экономикаға кіріспе | 2 | 3 | ENG0004 |
ECN1201 | Бизнес және экономика үшін математика | 3 | 5 | ENG0004 |
ECN2083 | Статистикаға кіріспе | 3 | 5 | ECN1201 |
ECN2103 | Микроэкономика қағидаттары | 3 | 5 | ENG0004 – FIN2105 Бизнес микроэкономикасы пәнінен бөлек пән болып саналмайды |
ECN2102 | Макроэкономика қағидаттары | 3 | 5 | ENG0004 – – FIN2106 Бизнес макроэкономикасы пәнінен бөлек пән болып саналмайды |
ECN3184 | Эконометрикалық әдістер | 3 | 5 | ECN2103, ECN2102 & ECN2083 |
ECN3888 | Академиялық практика | 3 | 5 | Жоқ |
PAD2700.2 | Әлеуметтану негіздері | 2 | 3 | ENG0004 |
POL1704.2 | Саясаттану негіздері | 2 | 3 | ENG0004 |
Total | 32 | 52 |
Негізгі бағдарлама талаптары:
Таңдау бойынша пәндер (элективтер) – келесі электрондық поштаға: css_coordinator@kimep.kz. әлеуметтік ғылымдар факультеті бағдарламалар үйлестірушісімен хабарласуыңызды өтінеміз.
Экономика кафедрасы келесі негізгі мамандануларды ұсынады
- Бизнес экономикасы
- Қаржы экономикасы
- Мемлекеттік саясат
Осыған қоса келесі қосымша маманданулар ұсынылады:
- Математика
- Экономикалық саясат және даму
- Экономика және құқық
- Қаржы экономикасы
Жұмысқа орналасу және практикадан өту мүмкіндіктері
Экономика бағдарламасының түлектері талдаушылар, кеңесшілер, консультанттар және экономистер ретінде мемлекеттік және жеке меншікті секторларында қызмет етіп, өз мансаптарын бизнес, қаржы, банк ісі, халықаралық даму жобалары, денсаулық сақтау, адам ресурстарын басқару, маркетинг, менеджмент және ғылыми зерттеулер салаларында құрастырады.
Келесідей болашақ мансаптық мүмкіндіктер:
- Банк және қаржы секторы:
– «Қазақстан Халық Банкі», «Eurasian Capital», «Seven Rivers Capital», «Халык Қаржы», «Нұр Банк», «ФортеБанк», «Каспи Банк», т.с.с;
- Үкіметтік және халықаралық ұйымдар:
– Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, American Councils, т.б.;
- Аудиторлық фирмалар:
- Deloitte, KPMG, Ernst&Young, PwC, Grant Thornton, т.б.
- Халықаралық және Қазақстандық іскерлік ұйымдар
- Теңізхшевройл, Nestle, Takeda, Kusto group, т.б.