КИМЭП Университетінде әріптік бағалар жүйесі қолданылады

КИМЭП Университеті A, B, C, D, F, т.б. әріптік бағалар жүйесін қолданады. Әріптік бағалар “+” (бағалар диапазонының жоғарғы бөлігі үшін) немесе “–” (бағалар диапазонының төменгі бөлігі үшін) белгісімен қосымша белгіленеді. Тағайындалған бағалар негізінде орташа бал мөлшері есептеліп, студенттің транскриптінде жазылады.

Бағалар жүйесі

Қелесі әріптік бағалар сәйкесінше бакалавриат/магистратура/докторантура деңгейіндегі курстарға қолданылады.

Баға Сипаттамасы

(Бакалавриат)

Сипаттамасы

 (Магистратура)

Сипаттамасы

 (Докторантура)

Бал
A+ Жоғары бал Жоғары бал Жоғары бал 4.33
A Үздік Үздік Үздік 4
A– Өте жақсы Өте жақсы Жақсы 3.67
B+ Жақсы Жақсы Есептелді 3.33
B Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз /

Өту балы**

3
B– Жақсы Проходной балл Қанағаттанарлықсыз /

Өту балы **

2.67
C+ Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз / Өту балы* Қанағаттанарлықсыз 2.33
C Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз / Өту балы* Қанағаттанарлықсыз 2
C– Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз / Өту балы * Қанағаттанарлықсыз 1.67
D+ Өту балы Қанағаттанарлықсыз Қанағаттанарлықсыз 1.33
D Өту балы Қанағаттанарлықсыз Қанағаттанарлықсыз 1
D– Өту балы Қанағаттанарлықсыз Қанағаттанарлықсыз 0.67
F Қанағаттанарлықсыз Қанағаттанарлықсыз Қанағаттанарлықсыз 0

*Бэнг атындағы Бизнес Факультетінде және Құқық Мектебінде дәрежелер алу үшін екіден көп емес “C” бағасының болуына рұқсат етіледі (Диссертацияның бағасын қоспағанда). Әлеуметтік Ғылымдар Факультеті мен Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінде дәрежелер алу үшін таңдаған пәндер бойынша екіден көп емес “C” бағасының болуына рұқсат етіледі.

** DBA студенттері үшін «B» және «B-» бағасы студенттің негізгі мамандығына арналған курс талап етіле ме, жоқ па, соған байланысты нәтижелі немесе нәтижесіз болып есептеледі.

Бағаларды сандық түрлендіру

Келесі кесте орташа сандық мәндер мен «A» – «F» әріптік шкаланың арасындағы баламаны көрсетеді.

A+ A A- B+ B B- C+ C C- D+ D D- F
90 – 100 85 – 89 80 – 84 77 – 79 73 – 76 70 – 72 67 – 69 63 – 66 60 – 62 57 – 59 53 – 56 50 – 52 ниже 50

Әкімшілік бағалар

КИМЭП Университетінің келесі белгілеулері түлектерге де студенттерге де арналған бағдарламаларға қолданылады. Бұл белгілеулер орташа балды есептеуге әсер етпейді.

Оценка Описание
NA Қолданылмайтын баға
Pass Есептелді
AU Тыңдалған пән
IP Үдерісте
I Аяқталмаған пән
W Пәннен бас тарту
AW Әкімшілік себептермен пәннен алып тастау

 
 

БАҒАЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

«Қолданылмайтын» баға – NA

Басқа оқу орындарынан алынған кредиттер ҚМЭБИ-ге бағасыз ауыстырылады. Мұндай жағдайларда кредиттер транскрипте «NA» болып белгіленеді. «NA» бағасы бар кредиттер орташа балды санағанда есепке алынбайды.

«Есептелді» бағасы Р

Кейбір жағдайларда бакалавр студенті әріптік баға алудың орнына

«есептелді-есептелмеді» жүйесінің негізінде баға қойылатын пәнді таңдауына болады. Төмендегі ережелер осы опцияға қолданылады:

  • Студент «есептелді» бағасын алу үшін семестрдің басында «есептелді-есептелмеді» опциясын таңдауы қажет.
  • Тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін «есептелді-есептелмеді» опциясын өзгерту мүмкін болмайды.
  • «С» немесе одан жоғары баға «Р» деп жазылады; «С-» немесе одан төмен баға – «F» есептелмеді бағасы ретінде жазылады.
  • «Р» опциясы (есептелді) дәреже алуға қажетті кредиттерді алуды қарастырады.
  •  «Р» опциясының (есептелді) балдық мағынасы жоқ және орташа балды санағанда есепке алынбайды.
  • «F» есептелмеді бағасы дәреже алуға қажетті кредиттерді алуды қарастырмайды.
  • «F» есептелмеді бағасы балдарды бермейді, ол орташа балды санағанда есепке алынады.

«Есептелді-есептелмеді» опциясын таңдау құқығы

  • Академиялық тағылымдамадан өтпейтін күндізгі бөлімінің 4-ші курс студенттері. Бұл опция магистратура студентеріне қолданылмайды.
  • Бір семестрде 3 кредит қана лимиті бар.
  • Бүкіл оқу курсы бойы аталмыш опция бойынша кредиттердің ең көп саны – алты.
  • «Есептелді-есептелмеді» опциясы бойынша алынған пән міндетті емес, факультативтік болуы керек.
  • Пәнді ұсынатын кафедра «есептелді-есептелмеді» опциясына рұқсат беруі керек.
  • Қол қойылған «есептелді-есептелмеді» деген үлгі тіркеу мезгілі аяқталғанға дейін тіркеу бөліміне тапсырылуы қажет. «Есептелді-есептелмеді» опциясы үлгіні тапсырмайынша дейін жарамсыз.

«Тыңдалған курс» бағасы AU

Баға алмай пәнді тыңдағысы келетін студент «Тыңдалған курс» опциясын таңдай алады.

  • Транскрипте курсты тыңдау бағасы «AU» болып белгіленеді. Тыңдалған пәндер орташа академиялық балды санағанда есепке алынбайды.
  • Студент әр пән үшін “AU” бағасын бірден алады. Оқытушы кез келген басқа бағаны қоя алмайды.
  • Тыңдалған пәндер үшін кредиттер берілмейді. Тыңдалған пәндер диплом талаптары ретінде есептелінбейді және аударылмайды.

«Тыңдалған курс» опциясын таңдау құқығы

  • Кез келген студент пәндер бойынша пререквизиттері бар болса, сол пәндердің кез келгеніне қатыса алады.
  • Пәнді тыңдағысы келген студент оған тіркелуі керек.
  • Студент кез келген басқа пән сияқты осы пәнге де төлеуі қажет.

«Үдерістегі» баға IP

«IP» бағасы бір немесе бірнеше семестрге созылатын магистрлік және докторлық диссертациялық пәндерге қолданылады. Магистрлік немесе докторлық диссертацияны сәтті қорғап болғаннан кейін баға автоматты түрде қорғаған бағаға өзгереді. Магистрлік диссертацияға әріптік баға, докторлыққа – есептелді бағасы қойылады.

  • «IP» бағасы орташа академиялық балға әсер етпейді.
  • Егер студент диссертацияны аяқтамаған жағдайда, «IP» бағасы өзгеріссіз қалады.

«Аяқталмаған пән» бағасы – I

Оқытушы пәнге қойылған талаптардың елеулі бөлігін орындаған, бірақ оған қатысты емес факторлардың салдарынан барлық талаптарды орындай алмаған студентке «І» (аяқталмаған) уақытша бағасын қоя алады.

  • «І» бағасына 0 (нөл) кредит беріледі.
  • «І» бағасында бал жоқ және орташа балды санау кезінде есепке алынбайды.

«І» бағасын беру немесе одан бас тарту үшін келесі критерийлер сақталуы тиіс:

  • “I” бағасы аталмыш пәнді оқудың соңғы кезеңінде тап болған тек күрделі жағдайларға байланысты қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайларға мысал ретінде студенттің апатқа ұшырауы, оның емханаға жатқызылуы, оның жақын туысының өлімі немесе ауыр науқастануы болуы мүмкін – осы барлық аталған жағдайлар орын алса, оларды растайтын тиісті құжаттарды алып келу керек. Оқыту үдерісімен байланысты халықаралық шараларға қатысу соңғы емтихандар өткізудің күндерімен сәйкес келген жағдайда, ол “I” бағасының қойылуына негіз болып табылады деп есептелінеді.
  • Студент өзінің бақылауынан тыс қандай да бір жағдайлардың басталуына дейін оқылатын пәндерге байланысты қойылатын сол уақыттағы барлық қажетті талаптарды орындауы қажет.
  • Семестрдің ең басында студент сабақтарға қатыспауына байланысты “I” бағасы қойылмайды, өйткені студенттің қатыспаған пәндердің орын толтыруына уақыты әбден жеткілікті.
  • “I” бағасы студентке тапсырманы орындауы үшін көбірек уақыт бөліну себебімен берілмейді, өйткені бұл оған басқа студенттер алдында себепсіз артықшылық береді.
  • Курс бағдарламасының әр сипаттамасында мәлімделгеніндей, сабақтарға қатысу талаптарын орындамағаны үшін студентті ақтап шығу ретінде оған “I” бағасы қойылмайды.
  • “I” бағасы қанағаттанарлықсыз немесе төмен бағаны алмастыру үшін қойылмайды.
  • Студенттің оқу ақысын төлеу мақсатында жұмысқа тұру қажеттігі “I” бағасын алудың негізі болып есептелмейді.
  • Егер оқытушы студентке “I” бағасын қоюдың реті келіп тұр деп шешсе, ол бұл жағдайды бірінші кафедра меңгерушісімен немесе бағдарлама деканымен/ директорымен талқылауы керек, ол өз тарапынан осы бағаны қою КИМЭП Университетінің саясатына және де тиісті факультет саясатына қарама-қайшы келмейтіндігіне келісуі керек.

«І» бағасын өзгерту

Студент өткізіп алған оқу материалын тапсыруды өз бетінше ұйымдастыруы қажет.

  • Студент оқытушыға барып, «І» бағасын стандартты бағаға өзгерту үшін қажетті жұмыс көлемін анықтауы керек.
  • Оқытушы студентпен бірге пән бойынша қалған жұмысты уақытылы орындау үшін жоспарды әзірлеуі керек.
  • Студент пәнге қойылған барлық талаптарды орындағаннан кейін, оқытушы бірден «І» бағаны әріптік бағаға (А, В, С және т.б.) ауыстыруы қажет. Стандарттық баға мүмкіндігінше тез арада қойылуы керек; баға қоюдың соңғы мерзімі – «І» бағасы алынған семестрден кейін келетін семестрдің жетінші аптасының соңғы күні болып табылады (жазғы семестр толық деп есептелінбейді). Бағаны өзгерту үшін бағаны өзгертудің электрондық үлгісін қолдану қажет. Үлгімен бірге тиісті растайтын құжаттар болуы керек.
  • Егер студент оған берілген мерзімде оқытушы анықтаған талаптарды орындамаса, «І» бағасы автоматты түрде «F» бағасына өзгертіледі.
  • Егер «І» бағасын қойған оқытушы семестр аяқталмас бұрын КИМЭП-тен кететін болса, онда кафедра меңгерушісі пән бойынша қалған жұмысты бағалайтын және «І» бағасын сәйкес әріптік бағаға өзгертетін басқа оқытушыны тағайындайды. Тіркеушіге жіберілген, яғни жаңа оқытушының аты-жөні, сонымен қатар студенттің барлық ағымдағы бағаларының аударымы, пән және бұрынғы оқытушыдан жаңа оқытушыға түзетулер талап етілетін бөліктерінің силлабусы көрсетілген ресми ескерту хат талап етіледі. Тіркеуші жоғарыда аталған барлық себептерге байланысты деканның ресми ескерту хатынсыз оқытушының еңбек демалысының өтінішіне қол қоймайды.
  • Студентке «І» бағасын өзгертудің орнына пәнді қайта өту ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда студент пәнге тіркеліп, қайтадан толық төлем жүргізуі қажет.

Студент пәннен бас тартқан жағдайдағы баға (W)

«W» бағасы бакалавриат немесе магистратура студенті пәннен бас тартып, осы пәнге қойылған талаптардың барлығын орындамады дегенді білдіреді (Курстан бас тарту үшін академиялық күнтізбені соңғы күнмен қараңыз).

  • «W» бағасы автоматты түрде қойылады. Оқытушы ешқандай басқа баға қоя алмайды.
  • «W» бағасы кредиттер бермейді және диплом алу талаптарының пайдасына есептелмейді.
  • «W» бағасының сандық көрсеткіші жоқ және орташа академиялық балды санағанда есептелінбейді.
  • «W» бағасына қайта алынған пәндердің саны бойынша қандай-да бір шектеулер кірмейді.
  • Егер студент бас тартқан пән міндетті пән болмаса, оны қайта өтудің қажеті жоқ.
  • Пәнді қайталап өту үшін студент қайтадан пәнге тіркеліп, оған толық төлем жүргізуі қажет

Пәннен бас тарту

Бейімделу кезеңі аяқталғанға дейін студент пәнді тіркеуден бас тарту үшін онлайн тіркеу жүйесін қолдана алады. Бейімделу кезеңі аяқталғаннан кейін студент тіркеу бөліміне студент кететін әр курс үшін толтырылған электрондық үлгіні ұсынуы керек. Электрондық үлгі Студентер Порталында қолжетімді.

  • Бакалавриатта оқуға арналған W саны бакалавриат бағдарламасы бойынша оқудың барлық кезеңінде 10 бағадан аспауы керек.
  • Оқытуды қолдау орталығының оқытушысы, үйлестірушісі және студент жүйеде курстан бас тарту туралы жазбаны электрондық поштамен автоматы түрде алады.
  • Білім алушы W мөлшерін (10 бірліктен астам) тек ауыр жағдайдағы себептермен (мәселен, шұғыл медициналық немесе отбасылық жағдай, ұзақ науқастану және т.б.) асып кетуі мүмкін. Студент «пәннен бас тарту қажеттігіне» («HW»), өтініш беріп, бағдарлама жетекшісі мен колледж деканынан мақұлдау алуы керек және бекітілген сауалды тіркеу бөліміне беруі керек.
  • Бекітілген «HW» негізінде Тіркеуші-офицер студентті өзі тіркелген барлық курстардан алып тастайды және осы пәндерге «W» бағасын қояды.
  • Пәннен бас тару қажеттілігін («HW») басқа пәндерде қала отырып, ішінара пайдалануға болмайды. Пәннен бас тару қажеттілігі тек ерекше жағдайларда ғана рұқсат етілетін болады.
  • Күзгі және көктемгі семестрлерде бұрын пәннен бас тартқан студент ақылы оқудың ішінара қайтарылуына құқылы. Қайтару сомасы мен күні академиялық күнтізбеде көрсетілген. Бұл ереже жазғы семестрге қолданылмайды. Тіркелу кезеңінен кейін кез келген жазғы семестрге қайтарымдар жасалмайды.
  • Электрондық түрде қаражатты алу үлгісі белгіленген мерзімге дейін тіркеуші кеңсесінде алынуы керек.

Студенттер курстан семестр/жазғы сабақтардың соңғы күніне дейін бас тарта алады. Пәннен бас тартудың соңғы күні академиялық күнтізбеде көрсетілген.

КИМЭП Университетінде қаражатты қайтару кестесі 15 апталық мерзімге негізделген және келесі түрдегі қаражатты қайтару кестесімен байланысты:

2-апта – 80% қайтарым

3-апта – 60% қайтарым

4-апта – 40% қайтарым

5-апта – 20% қайтарым

5-ші аптадан кейін қайтарым жүргізілмейді.

Әкімшілік себептермен «Пәннен бас тарту» бағасы (AW)

«AW» бағасы, Студенттік мәселелер жөніндегі декан пәннен бас тартуды бастауды қоспағанда, ол барлық жағынан W бағасына баламалы болып келеді.

Әкімшілік алып тастаудың академиялық емес түрі Студенттік мәселелер жөніндегі деканның оқытушымен бірге жасалуы мүмкін. Әкімшілік алып тастау студентке пән бойынша сабаққа келуге немесе жалпы алғанда институтта оқуды жалғастыруға мүмкіндік бермейтін шұғыл жағдайларда қолданылады. Шұғыл жағдайларға студенттің оқуына әсер ететін медициналық себептер, отбасылық мәселелер, артық қаржылық қарыз немесе Студенттік мәселелер жөніндегі декан көрсеткен басқа да себептер кіреді. Пәннен алып тастаудың бұл түрі семестрдің кез келген уақытында болуы мүмкін. Студенттік мәселелер жөніндегі декан «AW» бағасы жөнінде соңғы шешімді қабылдайды.

КИМЭП Университеті Академиялық күнтізбеде немесе төлем жоспарында көрсетілгендей оқу уақытында төлемдері алынбаған студенттермен әкімшілік және / немесе сот әрекеттерін жасауға құқылы.

Егер студент оқу үшін қарызы болса, келесі әкімшілік әрекеттер қолданылады:

  • Тіркелген пәндер үшін «AW» бағасымен тоқтата тұру (әкімшілік тоқтата тұру ), яғни студент сабаққа қатыса алмайды, тапсырманы тапсыра алмайды және қорытынды емтихандарды тапсыра алмайды.
  • Егер студент келесі семестрдің соңына дейін (сабақ аяқталғанға дейін) толық көлемде төлемеген болса, егер студент осы уақытқа дейін қанағаттанарлық уағдаластыққа жетпесе, онда университеттен шығару (әкімшілік шығару).