Тұрғын үй бөлімі жоғары сападағы тұрғын үй қызметін қамтамасыз етуді көздеп, кампус аумағында және кампустан тыс жерде оңтайлы тұрғын үй табуда КИМЭП-тің оқытушыларына, штатына және студенттеріне көмектесе отырып КИМЭП қоғамдастығының жоғары кәсіби бірлігі болуға тырысады.
ЖАТАҚХАНА
Жатақхана КИМЭП Университетінің аумағында ыңғайлы жерде орналасқан. Оған 406 студент сияды. Студенттерге сыпайы қызметкерлер жинап-тазалайтын жанға жайлы әрі таза бөлмелер беріледі. Сонымен қатар жатақхананың әрбір қабатында кір жуатын бөлме, сабақ қарайтын бөлме, демалатын бөлме және екі ас үй бөлмесі бар, олар тәулік бойы қолжетімді. Интернет, кәбілдік теледидар, электр және су сияқты коммуналдық қызмет көрсетулер жалдау ақысына кіргізілген. Жатақхана бүкіл кампус сияқты тәулік бойы күзетіледі.
ОҚЫТУШЫЛАР ҮШІН ТҰРҒЫН ҮЙ
Оқытушыларға кампус аумағынан және кампустан тыс жерден баспана ұсынылған:
КИМЭП кампусындағы қонақтарға арналған үй
КИМЭП қонақтарға арналған үйі — қонақ бөлмесі, балконы, асүйі, дәретханасы және екі жуынатын бөлмесі, екі кісілік кереует бар 4 номермен кампуста орналасқан тұрғын үйдегі пәтер. Бөлмені жалға ала отырып, КИМЭП қонақтары қонаққа арналған үйдің ортақ аймағын бөліп пайдаланады. Қонақтарға арналған үй қонақүйлерде тұру шығындарын азайту және кампуста келушілер, халықаралық студенттер мен қонақтар үшін орынға ие болу үшін, яғни екі мақсатпен құрылған.
Кампуста және кампустан тыс жерде оқытушылар үшін тұғын үй.
КИМЭП кампусындағы Тұрғын үй 17 пәтерді (1 және 2 жатын бөлмесімен және студия- бөлмемен), кампустан тыс жерде 1 пәтерді ұсынады. Әрбір пәтер тұруға жайлы әрі қолайлы болу үшін ең қажетті заттармен және аксессуарлармен жабдықталған. Қонақ бөлмесі теледидар, диванмен, жуынатын бөлме кір жуатын машинамен, ас үй де толығымен жабдықталған.
Байланыс ақпараты:
Асель Токина
Директор
atokina@kimep.kz
+7 (727) 237 47 73 (1022)
+7 (701) 327 1953
Калбинур Юсупова
Үйлестіруші
housing-assist@kimep.kz
+7 (727) 237 47 73 (1245)
Еркуль Муханова,
Комендант
yerkul@kimep.kz
+7 (727) 237 47 71 (1246)
Жатақхана
Бос орындар туралы ақпарат
Аты | Мекен-жайы және байланыс ақпараты | Орындар саны | Нақты күнге жарамды |
КИМЭП Университетінің жатақханасы | Алматы, Абай даңғылы 4.+7 (727) 237-47-71 (1245, 1029) | 11 | 2024 жылғы 20 Қыркүйек |
«Академия» ЖК / «Жастар апартментс» | Алматы, Сәтбаев к-сі 7a.+7 707 498 6836 | 0 | 2024 жылғы 20 Қыркүйек |
“Тенесбаева А” ЖК/ АСЕМ ОТЕЛЬ | Алматы, Көк-Төбе ықшамауданы, Нұрмағамабетов к-сі 25+7 707 747 65 07
+7 747 071 08 55 |
0 | 2024 жылғы 20 Қыркүйек |
«Эталон БЦ» ЖК | Алматы, Валиханов к-сі 27 +7 776 606 6009 |
0 | 2024 жылғы 20 Қыркүйек |
ОНЛАЙН БРОНДАУ ЖҮЙЕСІ
ОНЛАЙН БРОНДАУ ЖҮЙЕСІ
Құрметті студенттер,
Сізге жатақханадағы орынды студенттік портал арқылы, келесі мекен-жайдан https://my.kimep.kz/ брондау мүмкіндігі беріледі.
- Студенттік портал бетіне кріңіз – https://my.kimep.kz/
- Өз студенттік ID нөміріңізді «ID» бағанына енгізіңіз, және оның жанындағы бос бағанға оны қайта енгізіңіз. Сіз құпиясөзіңізді «Жеке ақпарат» (“Personal info«) бөліміне кіріп өзгерте аласыз;
- «Кампустағы өмір» (“Campus Life«) бөлімін ашыңыз;
- «Жатақханада орналастыру» (“Residence Hall Accommodation“) бөліміне кіріңіз;
- «Жатақханадағы орынды брондау» (“Residence hall Reservation”) бөлігін ашыңыз
- «КИМЭП Университеті жатақханасының ережелерін» мұқияттап оқыңыз, оны оқып болғаннан кейін «Келісемін» (“Agree”) батырмасын басыңыз;
- «Келісім-шартты» (“Contract”) мұқияттап оқыңыз, оны оқып болғаннан кейін, «Растаймын» (“Confirm”) батырмасын басыңыз;
- Келесі нысанды толтырып, «Тапсыру» (“Submit”) батырмасын басыңыз.
МАҢЫЗДЫ!
- Егер студент анықталған мерзім ішінде дәлелді себеппен жатақханаға келе алмайтын болса, оған келу күнінен бір апта ішінде брондауын өзгертуге мүмкіндік беріледі. Осы жағдайда сізге «Қайта брондау» (“rebook”) опциясын таңдауға тура келеді – «Жою»(“cancel”) емес. Студентке жатақханадағы орнын қайта брондауға тек бір ғана мүмкіндік берілетінін есте сақтауыңызды өтінеміз!
- Егер студент жатақханада тұруды қаламайтын болса, брондауды жатақханаға келу күнінен бір апта бұрын жоюға мүмкіндік бар. Осы жағдайда «Жою» (“Cancel”) опциясын таңдаңыз. Бұл ретте келесіні есте сақтауыңызды өтінеміз: егер сіз бронадуыңызды жойсаңыз, кейінірек сізге жатақханадағы орын тек қана артықшылықтары бар студенттер санаттары жатақханада орналастырғаннан кейін орындар қалса берілетін болады.
- Жатақханадағы орнын брондауды келу күнінен бір аптадан кем мерзім ішінде қайта брондауға немесе жоюға болмайды.
- Жатақханадағы орындарды әділ және анық үлестіруді қаматамасыз ету мақсатында студенттерге жатақхана бөлмелерінде семестр сайын тіркелуге қажет болады.
ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ
КИМЭП жатақханасында тұру ережелері мен қағидалары
Осы ережелерді оқу және оларды сақтау студенттердің тікелей міндеті:
Жеке тұлға ретінде студенттердің құқықтары мен мінддері бар. Жатақханада жағымды академиялық және әлеуметтік ортаның қалыптасуы үшін барлық тұрғындар достық көршілік қағидасын сақтағандары жөн. Студенттер өз міндеттерін басқалардың құқықтары мен мүліктерін құрметтеу негізінде жүзеге асырулары қажет. Жатақхананың барлық ережелері жағымды өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында және әрбір тұлғаның өзінің немесе қонақтарының іс-әрекеттері үшін жауапкершілігін сезіндіру үшін дамытылған. Жатақхана тұрғындары басқалардың құқықтарын құрметтеу арқылы мінез-құлық ережелерін сақтауға міндетті.
Студенттердің ең бірінші мақсаты білім алу болғандықтан олар өз бөлмелерінде сабақтарын оқу құқықтарына ие. Оған қоса студенттердің сауығуға, демалуға, достық қатынастарын дамытуға және жеке өмірге деген құқықтарын жүзеге асыруға деген ажырамас құқықтары қатар сақталады. Аталмыш құқықтар тек қоғамда өмір сүру ережелерін сақтай отырып ымыраға келу және ортақ мақсаттарды орындау арқылы жүзеге асырылатындығын ескерген жөн. Студенттедіңр өз құықтарын бұзатын басқа тұлғалардан қорғану оның өзінің жеке жауапкершгілігі болып табылады.
Жатақханамен жасақан келісімшарт Студенттік істер жөніндегі дисциплинарлық комитетпен аталмыш келісімшарттың шарттары мен ережелерін бұзған жағдайда кез-келген уақытта тоқтатылады. Егер кеілісмшарт тоқтатылса, Университет келісімшарт негізінде жасалған барлық төлемдерді сақтап қалуға және заңнама мен әділеттік негізіндегі барлық әдістерді өз құқықтарын сақтау үшін қолдана алады.
Келесі ережелер мен қағидалар жатақхана тұрғындаы болып табылатын барлық студенттердің құықтарын қорғау мақсатында қалыптастырылған.
Өрт қауіпсіздігі ережелері
Жатақхананың әрбір тұрғыны Өрт қауіпсіздігі ережелерін жеке оқып, оларды сақтауға тиіс.
Өрт сөндіруші құралдарды, құбырларды, тіректі станцияларды, түтін/ыстық детекторлары, өрт құбіршегі, төтенше жағдай жарықтары, арнайы дабылдар, дабылдамалар, қоңыраулар мен есіктер, т.с.с. арнайы өрт сөндіру құралдарын орынсыз пайдалану, өрт шығару, өрт дабылдатқыштарын жалған қолдану немесе эвакуацияциядан бас тарту және/немесе эвакуацияға кедергі келтірген жағдайлар дисциплинарлық немесе құқық қорғау органдарына арыз беруге дейінгі іс әрекеттерді жүзеге асыруға мәжбүрлейді. Төтенше жағдайдан тыс уақытта төтенше жағдай кезінде қолданылатын шығу жолдарын пайдалануға тыйым салынады.
Қараусыз қалдырылған мүлік
Егер жатақхана тұрғыны мүлігін пайдаланғаннан кейін жатақханада тастап кететін болса, аталмыш мүлік қараусыз қалдырылған деп саналады. Тұрғын отыз күн ішінде мүлігін талап етпеген жағдайда Университет бұндай мүлікті өз иелігіне алады.
Қандай да бір жеке заттар қоғамдық жерлерде (теледидар бөлмелерінде, оқу бөлмелерінде, асханада, кір жуу орындарында) қараусыз қалдырылса, жатақхана қызметкерлері оларды ескертусіз жабық жерге апарып қоюға құқылы. КИМЭП Университеті қоғамдық жерлерде жоғалған, зақым келтірілген немесе ұрланған заттар үшін жауапты емес.
Жиһаз және фурнитура
Жатақхана ортақ қолданыстағы жиһазға жауапты болғандытан қызметкерлерінің алдын ала келісімінсіз жатақхана тұрғындарына бөлмедегі немесе қоғамдық жерлердегі жиһаздың, шамдардың немесе төсек жабдықтарының орнын ауыстыруға немесе оны өзгертуге рұқсат етілмейді. Кеңістіктің жетіспеушілігіне байланысты бөлмедегі жиһаздар жатақхананың басқа аймақтарында сақтауға қойылмайды. Осыған қоса теледидар немесе оқу бөлмелері және басқа да ортақ қолданыстағы жерлер барлық тұрғындар мен қонақтардың жайлылы үшін жиһазбен жабдықталған. Шектеулі уақыт аралығында ғана жатақхана әкімшілігімен немесе жатақхана ассистентімен рұқсат етілген жағдайлардан басқа кезде демалыс немесе басқа да ортақ қолданыстағы бөлмелердің жиһазының орнын студенттердің ауыстыруына рұқсат етілмейді. Қоғамдық жерлерден жиһаз бен құралдарды рұқсатсыз алу дисциплинарлық әрекеттерді қолдануға әкеліп соқтырады. Университеттің мүлігін жатақханадан рұқсатсыз шығарған жағдай ұрлық ретінде қарастырылады және заңға сәйкес жазаланады. Ортақ қолданыстағы жиһазды зақымдану құны жауапты тұлғадан өндіріледі және дисциплинарлық жазалауға соқтырады.
Жатақханадан шығу кезінде студент әкімшіліктен кету қағазын толтыру қажет және инвентаризацияға сәйкес жатақхана мүлігін қайтаруға тиіс.
Тазалық
Бөлмені таза ұстау бөлме көршілестерінің міндеті болып табылады. Бөлмелес көршінің құқықтарын сақтай отырып әрбір тарап өз талғамына сәйкес тұрғылықты жерін өзіне қолайлы етіп ұйымдастыра алады. Бір тараптың тазалық ережелері екінші тұлғаға кері жағдай туғызбауы тиіс. Қоғамдық қолданыстағы жерлердің тазалығын сақтау әрбір студенттің міндеті. Студенттер бөлмелерінен тыс аймақтың да тазалығына жауапты. Вандализм немесе қосымша тазалық шараларын талап ететін жағдайлар жауапты тұлғалардан талап етіледі.
Жатақхана әкімшілігімен анықталған уақытта жатақханада тұратын студенттер жатақхананың ішкі және сыртқы аумағында тиісті тазалық шаралрына (ерікті тазалық аптлықтары) қатысуға тартылады. Аталмыш тазалық шаралары жатақхананың ақпарат тақтасында/стендтерінде хабарланады.
Келтіріген зақымдарды өтеу
Жатақхана құнын мүмкіндігінше төмен деңгейде сақтау үшін КИМЭП Университетінің мүлігін ұрлаған, жоғалтқан немесе оған зақым келтіруге байланысты шығындар тұрғынның депозиттік шотынан өндіріледі, ал ол сома депозит сомасынан артқан жағдайда қосымша талап етіледі және дисциплинарлық шараларды қолдану негізі болып табылады.
Студенттер бөлмелеріндегі жиһаз бен фурнитура және жатақхана аумғындағы мүлік үшін жауапты. Қалыпты тозу жағдайларынан басқа жиһаз зақымдану шығындары тұрғыннан өтеледі және сәйкес дисциплинарлық жазаға тартылады. Немқұрайлы әрекеттерінің салдарынан КИМЭП нысанына қандай да зиян келтірілген жағдайда (мысалы қыс кезінде терезені ашық тастау салдарынан жылыту құбырының жарлысына соқтыру) студент қаржылық жауапкершілікке тартылады.
Кілттер мен құлыптар
Жатақханаға кірген кезде тұрғынға бөлменің жеке кілті беріледі. Тұрғындардың жеке мүлігін сақтауда КИМЭП Университеті барынша қолдау көрсетеді. Жатақхана тұрғындары қысқа мерзімге болса да, ұйықтау кезінде немесе басқа кездерде бөлмеден шыққан кезде есіктерін кілтпен жауып жүруге тиіс. Егер олар өз кілттерін басқа тұлғаға беретін болса, оның салдарына жеке өздері жауап береді. Университет жеке заттардың жоғалуы жауапкершілігінен бас тартады. Егер тұрғындар кілттерін жоғалтса, ол туралы әкімшілікті немесе жатақхана ассистентін дереу хабардар етулері тиіс.
Егер студент бөлмесінің кілтін зақымдаған болса, оның орнына берлген жаңа кілттің құны өндіріледі және зақымдалған кілтті қайтару талап етіледі. Барлық шығындар студенттің депозит шотынан алынады.
Есіктің құлпын өз бетімен бұзып ашуға рұқсат берілмейді және заңсыз әрекет болып саналады.
Егер студенттер құлыптарының сынғанын байқаған болса дереу жатақхана қызметкерлеріне хабаласуға міндетті. Есіктің құлпын өз бетімен бұзып ашу қауіпті әрекет және келтірген шығындар студенттен өтеледі, сонымен қатар дисциплинарлық әрекеттердің қолданылуына соқтырады.
Теледидар және оқу бөлмелері
Теледидар және оқу бөлмелері барлық тұрғындар мен олардың қонақтарының қолданысына және көңіл көтеруіне берілген. Аталмыш орындардың тазалығын сақтай отырып және ұқыпты қолданыңыздар. Демалыс бөлмелеіндегі жиһазды қону үшін қолдануға тыйым салынады. Егер ортақ қолданыстағы жерлерде қараусыз қалдырылған заттар ұзақ уақыт иесіз жатса арнайы жерге сақтауға қойылады. Жиһаз және фурнитура тарауын қараңыз.
Жауапкершілік
Студенттер бөлмесіндегі немесе жатақхананың қоғамдық жерлеріндегі, ас ішу бөлмелерінде немесе сақтау орындарындағы жеке заттардың жоғалуына немес зақымдалуына Университетжауапты емес. Сондықтан студенттер жеке заттарының сақтығын өздері қамтамасыз етуге тиіс.
Қауіпсіздік камералары
Қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету үшін және студенттердің қоршаған ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік камералары жатақхананың әрбір қабатында орналастырылған. Қандай да бір тәртіп бұзушылық камерада тіркелсе, оларға Студенттік істер жөніндегі дисциплинарлық комитет тарапынан әкімшілік шаралар қолданылады және/немесе полиция күштері арқылы заңды әрекеттердің қолданылуына жол ашады.
Қауіпсіздік камераларының жұмысына заңсыз араласу қатаң дисциплинарлық жазаның қолданылуына, оның ішінде жатақханадан шығару, КИМЭП Университетінен уақытша шеттету немесе полиция күштері арқылы заңды әрекеттердің қолданылуына әкеліп соқтырады.
Тәртіп ережелрін бұзу
Жатақхана тұрғындары тәртіп ережелерін сақтауға тиісті. Жатақхана аумағында тәртіп бұзушылықтарға жол берсе немсее оларға қатысса, бұндай тұлғалар дисциплинарлық жазалануға жатады. Тәртіп бұзушылықтарға жатақхана қауымдастығынын жағымды ортасына қауіп төндіретін, кедергі келтіретін немесе зиян келтіретін барлықәрекеттер жатады. Тыныштықты сақтау өтініштері туындаған кез келген уақытта студенттер оларды орындауға міндетті.
Шу
КИМЭП Университеті оқу жетістіктеріне қолдау көрсететін жағымды ортаны құру үшін бар күшін салады. Осындай ортаны қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірден бір жағдай – шу. Студенттер басқаларға кедергі келтіретін өздерінің немесе қонақтарының әрекеттеріне байланысты өтініштерді дереу тоқтатулары тиіс.
Музыкалық аспаптар, стерео және басқа аудио жабдықтар
Табиғаты мен шығаратын шу деңгейіне байланысты жатақханада дабыл (барабан) қолдануға рұқсат етілмейді.
Тынығу уақытынан басқа кездерде жатақхана тұрғындары басқа аспаптарды өз бөлмелерінде ойнай алады. Бұндай әрекеттер басқалардан наразылық тудыратын болса, аспапта ойнау тоқталуы тиіс. Бір бірімен сыпай болу ережесі әрқашан сақталуға міндетті.
Тұрғындар өз бөлмелерінде стерео және басқа аудио жабдықтарын қоюға құқылы. Бірақ аталмыш жабдықтарды қолдану барысында басқалардың тынығу немесе сабақ оқу сағаттары кезінде кедергі келтірмеуін қадағалаңыз. Сыртта ойнатылатын барлық аудио жабдықтар рұқсат етілген шу деңгейінен аспауы тиіс.
Шу деңгейі (бас дыбыстарын қоса алғанда) есік жабық күйінде басқа тұрғындарға естілмеуі тиіс. Стерео ашық терезе жағдайында қосылмағаны жөн. Шу деңгейінің артық мөлшерін тудыратын стерео жабдықтар жатақхана директорының шешімімен арнайы сақтау бөлмесіне оның белгілеген уақыт мерзіміне дейін сақталуы мүмкін. Тынығу сағаттары кезінде музыкадан ләззат алғысы келетіндер үшін құлаққаптарды қолданған жөн. Жатақханада сабвуферлерді қолдануға тыйым салынады.
Тынығу сағаттары
Тынығу сағаттары түнгі 22.00-ден таңғы сағат 8.00-ге дейін әрекет етеді. Аталған уақыт аралығында басқаларға кедергі келтіретін әрекеттер орын алмауы тиіс. Шу жабық есік жағдайында сыртқа естілмеуі тиіс.
Темекі шегу
Жатақхана ғимараты, студенттердің бөлмелері, демалыс аймақтары, холлдар, асхана, кір жуу бөлмесі және т.с.с. жалпы қолданыстағы аумақтарда темекі шегуге тыйым салынады. Темекі шеккен студенттер туралы хаттама толтырылады және ондай студенттер дисциплинарлық комитет алдына шақырылады.
Алкогольді ішімдіктер
Жатақханада алкогольді ішімдіктерді сақтауға және ішуге болмайды. Осы ережені бұзған студенттер жөнінде хаттама толтырылады және дисциплинарлық комитет алдына шақырылады.
Басқа тұрғындардың құқықтарын құрметтеу
Бір кеңістікте тұратын тұлғалар арасында бірлесіп әрекет ету аса маңызды болып табылады. Әрбір тұлғаның құқықтары сақталатын орта құру –жатақхана тұрғындарының міндеті. Өз әрекетіңізге мұқият болыңыз.
Егер жатақхана тұрғыны әрекеттерімен немесе мінез-құлқымен басқалардың құқықтарын бұзатын болса, олар басқа студенттердің немесе қызметкерлердің өтініші бойынша өзін-өзі сыпайы және мәдениетті ұстауға тиісті. Ал бұндай өтініштерге қарамастан мінез-құлқын түземесе, Жатақхана ассистентіне хабарласыңыз.
Келіп-кетушілерге арналағган ереже
Адамдар көп шоғырланған жерде шу деңгейінің жоғары болуына және өрт туындау мүмкіндігіне байланысты бөлемеде бес адамнан артық қонақтың жиналуына рұқсат етілмейді.
Жатақхана тұрғындары болып табылмайтын қонақтар (қонуға қалмайтын) келесі ережелерді сақтаған жағдайда келуге рұқсат етліген:
- Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қонақтарға сағат 11.00-ден 22.00 –ге дейін келуге рұқсат етілген
- Қонақтар Қауіпсіздік қызметкеріне жеке куәлігі мен қонаққа келген тұлға туралы мәліметтерді (аты-жөнін, ID нөмірін, бөлменің нөмірін) ұсынуға тиіс. Қауіпсіздік қызметкері ұсынылған жеке куәлікті/-терді қонақ/тар жатақханадан қайтқан кезінде қайтарып береді.
- Қонақтар жатақханадан сағат 22.00-ден кешікпей шығуға тиіс
- Егер қонақтарға арналған ережелер бұзылса, студентке ескерту беріледі. Ереже бұзушылық қайталанған жағдайда оған жатақханаға кіруге тыйым салынады.
- КИМЭП студентінен басқа тұлғаларға сағат 22.00-ден кейін жатақханаға кіруге тыйым салынады.
- Жатақхана әкімшілігі студенттің жеке заттары және бөлмедегі басқа мүлігінің қауіпсіздігі үшін жауапты емес.
- Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жатақханада тұрмайтін кісілерге пандемия кезеңінде жатақханаға келуге тыйым салынады.
Қонақ қабылдаушы студент барлық келушілердің/қонақтардың жүріс-тұрысына жауапты және олар жатақхана тәртібі мен ережелерін бұзған жағдайда тәтріп жазасына тартылады. Куәлігінде суреті жоқ кез келген тұлғаға кіруге рұқсат берілмеуі немесе ғимараттан шығарылуы мүмкін.
Бөлмеге кіру
Студенттер олардың бөлмелеріне жатақхана қызметкердері немесе Университеттің басқа ресми өкілінің кіруіне тыйым салуға немесе кедергі келтіруге (физикалық немесе визуалды түрде жол бермеуге) қақысы жоқ. Аталмыш ережені бұзу дисциплинарлық шараларды қолдануға әкеліп соқтырады.
Кестеге сәйкес тазалық тексерістерімен қатар басқа негіздеУниверситет қызметкерлері жатақхана тұрғынының бөлмелеріне кіру құқығына ие. Университет тұрғындардың жеке өмірге деген құқықтарын алдыңғы орынға қояды, бірақ кейбір жағдайларда техникалық қызмет көрсету мақсатында, Университет ережелерін бұзушылықты сезіктенген немесе төтенше жағдай орын алу күдігі туындаса, олардың бөлмеге кіру қажеттігі туындайды.
Жатақхана тұрғынының бөлмесіне кіру тәртібі:
- Қызметкерлер кірмес бұрын есікті қағуы тиіс, алайда қауіпті жағдай орын алып жатыр деген күдік туындаса, рұқсатсыз кіруге құқылы.
- Егер тұрғын қызметкерге кіруге рұқсат беруден бас тартса және қызметкер тұрғынның өзіне немесе мүлігіне қауіп төніп тұрғанын нақты білсе немесе тұрғындар жатақхана ережелерін бұзып жатқандығы туралы сенімді болса, қызметкер өзкілтін пайдаланып бөлмеге кіруге құқылы.
Бөлмеге кіруге рұқсат етілген жағдайлар:
- Төтенше жағдайлар
- Өрт қаупі туындаған жағдайда барлық тұрғындардың ғимараттан шыққандығын тексеру үшін бөлмеге кіру міндетті шарт. Егер тұрғындар бөлмеден шығудан бас тартса, оларға қарсы қатаң дисциплинарлық әрекеттер қолданылады.
- Кестеге сәйкес инвентарь тексерісі. Тексерістің өтетін уақыты мен күні туралы алдын-ала хабарлама жіберіледі.
- Бөлмеде болып жатқан оқиға/жағдай басқа тұрғындарға үнемі кедергі жасаса, мысалы: радио, оятқыш, стереро және басқалары тоқтаусыз ойнаған жағдайда
- Қару, жарылғыш заттар немесежанғыш заттар бөлмеде сақталуы туралы ақпарат болса
- Алкогольді ішімдік, есірткі немесе басқа заңсыз заттардың бөлмеде болуын тексеру кезінде
- Жатақхананы жабу, оның ішінде демалыс уақытында, ғимарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
Жатақхана тұрғындарына тыйым салынған әрекеттер мен олардың бұзылуы үшін жазалар:
Жатақханада тыйым салынған тәртіп бұзушылықтарға келесілер жатады: | Санкциялар | |
1 | Бөлмелес көршісіне немесе жатақхананың басқа тұрғындарына қарумен (пышақ, келдек, травматикалық қару) күш көрсету | 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру |
2 | Бөлмелес көршісіне немесе жатақхананың басқа тұрғындарына күш көрсету (Төбелесу) | 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру |
3 | Жатақханада есірткі заттарды таратушы немесе жеткізуші деп тану | 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру |
4 | Алкогольді ішімдіктер немесе басқа заңсыз заттарды (Есірткі) жатақханада сақтау және қолдану | 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру |
5 | Ұрлық | 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру |
6 | Сексуалды алымсақтық/шабуыл | 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру |
7 | Жыныстық қатынастар | 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру |
8 | Әлімжеттік | 1-рет – жатақханадан бірден шығару және істі тәртіптік комитетінде қарастыру |
Аз ауыр мінез-құлық бұзушылықтары: | Санкциялар | |
1 | Жатақханаға мас / есірткі әсері күйінде келу | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу және Студенттік істер жөніндегі тәртіп комитетіне (СІТК) хабарлау
2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
2 | Темекі шегуге (сигареттер, электрондық сигареттер, қорқорлар) тыйым салынған | 1- тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу және Студенттік істер жөніндегі тәртіп комитетіне (СІТК) хабарлау
2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
3 | Ауызша үркіту / қорлаушы сөздер / зарарлы ниетпен университеттің кез-келген студенті, оқытушысы немесе қызметкеріне кемсітушіліктің кез-келген түрі оның ішінде – әлеуметтік желілерде де | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, екі «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу
2-тәртіп бұзушылық: жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
4 | Негізсіз айыптау | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу
2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», дереу жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
5 | Коммерциялық немесе құмарлық ойындар ұйымдастыру | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу
2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
6 | Бөлмеде карта ойнау | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу
2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», дереу жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
7 | Бөлме кілтін үшінші тұлғаға беру | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту»
2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
8 | Басқа бөлмеге рұқсатсыз көшу | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту» және СІТК хабарлау
2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
9 | Жануарларды ұстау | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту»
2-тәртіп бұзушылық: міндетті «қызыл ескерту» 3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
10 | Бөлмеде электрикалық құралдарды қолдану: электр плитасы, электр шәйнектер, қысқатолқынды пештер, ашық түрдегі жылыту құралыдары | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту»
2-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту» 3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
11 | Шулау (айқайлау, музыка дыбысын қатты қою) | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу
2-тәртіп бұзушылық: екі «қызыл ескерту», дереу жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
12 | Жатақхананың мүлігіне зақым келтіру | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту» және кепілдік жарнасынан құнын өтеу
2-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», міндетті түрде психологтан кеңес алу және кепілдік жарнасынан құнын өтеу 3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», кепілдік жарнасынан құнын өтеу, жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
13 | Өрт қауіпсіздігі құралдарын рұқсатсыз қолдану | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту»
2-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту» 3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
14 | Қоқысты арнаулы қаптар мен себеттерден басқа жерлерге тастау; қоқысты терезеден тастау; тағам қалдықтарын дәртеханалардағы қоқыс қаптар мен себеттеріне тастау | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту», тұрғын үй әкімшілігінің бақылауымен 4 сағатқа дейін кампуста қоғамдық жұмыстар
2-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», студенттік істер жөніндегі бөлімнің бақылаумен 4 сағатқа деін кампуста қоғамдық жұмыстар, міндетті түрде психологтан кеңес алу 3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», дереу жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
15 | Заттарды дәліздерде, холлдарда және балкон сүйеніштерінде сақтау немесе кептіру | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту»
2-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту» 3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
16 | Келесі асүй бөлмесін пайдалану ережелерін бұзу | 1-тәртіп бұзушылық: жазбаша түрде сөгіс, «қызыл ескерту»
2-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту» 3-тәртіп бұзушылық: «қызыл ескерту», жатақханадын шығару және СІТК хабарлау |
Жоғарыда келтірілген тізімде көрсетілмеген, бірақ Жатақхана ережелерін бұзуға жататын басқа да әрекеттер дисциплинарлық комитет тарапынынан жаза қолданатын әрекеттер қатарына кіреді. Жатақхана ережелерін бұзғаны үшін шығарылған студенттің ата-аналарына жазбаша хабарлама жіберіледі.
Қауіпсіздік қызметкерлерід жатақхана тұрғыны болып саналатын студенттің ішімдік немесе есірткі заттарды қолдануын тексеруге құқылы. Алкогольді ішімдіктер немесе есірткі заттар Қауіпсіздік қызметпен және Жатақхана қызметкерлерімен тәркіленуге жатады.
Орналастыру саясаты
Орналастыру саясаты
Өтініш беру
Жатақханаға орналасатын барлық үміткерлер мен жатақханада тұратын студенттер белгіленген күнге дейін алдын ала өтініш беруге міндетті.
Рұқсат беру құқығы
Жатақханаға тұруға үміткерлер келесі артықшылық тәртібімен орналасқан:
- Жетім балалар, ерекше қажеттіліктері бар студенттер және кәмелетке толмағандар;
- Қазақстанның өңірлерінен келген бірінші курс студенттері мен халықаралық студенттер;
- Алмасу бағдарламасының студенттері (бакалаврлар мен магистрлар);
- Жатақханада орны қамтамасыз етілген грант иегерлері
- UGRAD және GRAD бағдарламасының халықаралық студенттері;
- Жатақхана старосталары;
- Жатақханада тұруға өтініш берген тұрақты студенттер;
Жатақханада орын бір семестрге беріледі, бірақ резидент жатақханада тұру талаптарына (стипендия, жоғары GPA, толық күндізгі бөлімде оқу және т.б.) сәйкес келетін болса бұл мерзімді созу мүмкіндігі қарастырылған.
Бірінші курс студенттері үшін жатақханада тұру критерийіне сәйкестігі орташа үлгерім көрсеткішін анықтау барысында бірден қол жеткізіледі. Жоғарыда көрсетілген критерийлерден басқа, жатақханаға қайта оралған студенттер (жетімдер мен мүгедектерді қоспағанда) күндізгі оқу бөлімінің студенті болуы және орташа үлгерім көрсеткіші 2.67 болуы керек (жетімдер мен мүгедектер үшін – 2.00).
Тәртіптік немесе Академиялық комитеттердің есебінде тұрған студенттерге ешқандай жағдайда да жатақханадан орын берілмейді.
Жатақханада келесі семестрде тұруға рұқсат алу үшін, барлық критерийлерге сәйкес келетін студенттер, әрбір семестрдің соңында онлайн брондау жүйесі арқылы қайта өтініш беруі қажет.
Оқудың бірінші жылынан кейін жатақханада орын беруге кепілдік берілмейтіндігін ескеріңіздер.
Брондау саясаты және бөлмелес көршіні іздеуге өтініш
Жатақхана студенттерге орналасу кезінде, қызмет көрсету мен жайлылықты қамтамасыз етуде барынша қолдау көрсетуге тырысады.
Жатақханада бөлмені брондау үшін студент жатақхана ережелері, нормалары мен нұсқаулықтарды сақтау қажет.
Резерв және бөлмелес көршіге өтініш үлгісі Студенттік Порталда қолжетімді және жатақханаға келу кестесіне сәйкес ашылады. Бөлмелес көршінің екеуі де өтініш берген кезде КИМЭП Университетіне қабылданған және бір жынысты болуы керек.
Студенттер жатақхана бөлмесін https://my.kimep.kz// мекенжайы бойынша студенттік портал арқылы брондай алады. Брондау тәртібі келесі сілтемеде толығымен көрсетілген – https://kimep.kz/current-students/student-affairs/housing/.
Қосымша, бөлмелес көршіге берілген барлық өтініштер екі жақты келісім бойынша құрастырылуы тиіс – екі студенттің әрқайсысы екіншісіне өтінішті рәсімдеуі керек. Біз бөлмелес болғысы келетін студенттерді орналастыруға тырысамыз және көптеген жағдайларда студенттің қалауына мүмкіндік беріледі. Бөлмелес көршілерді тағайындауға қатысты соңғы шешімді КИМЭП Университетінің Тұрғын үй бөлімі қабылдайды.
МАҢЫЗДЫ!
- Егер студент анықталған мерзім ішінде дәлелді себеппен жатақханаға келе алмайтын болса, оған келу күнінен бір апта ішінде брондауын өзгертуге мүмкіндік беріледі. Осы жағдайда сізге «Қайта брондау» (“rebook”) опциясын таңдауға тура келеді – «Жою»(“cancel”) емес. Студентке жатақханадағы орнын қайта брондауға тек бір ғана мүмкіндік берілетінін есте сақтауыңызды өтінеміз!
- Егер студент жатақханада тұруды қаламайтын болса, брондауды жатақханаға келу күнінен бір апта бұрын жоюға мүмкіндік бар. Осы жағдайда «Жою» (“Cancel”) опциясын таңдаңыз. Бұл ретте келесіні есте сақтауыңызды өтінеміз: егер сіз бронадуыңызды жойсаңыз, кейінірек сізге жатақханадағы орын тек қана артықшылықтары бар студенттер санаттары жатақханада орналастырғаннан кейін орындар қалса берілетін болады.
- Жатақханадағы орнын брондауды келу күнінен бір аптадан кем мерзім ішінде қайта брондауға немесе жоюға болмайды.
- Жатақханадағы орындарды әділ және анық үлестіруді қаматамасыз ету мақсатында студенттерге жатақхана бөлмелерінде семестр сайын тіркелуге қажет болады.
Жатақханаға кезекке тұру саясаты
Егер студенттік жатақханада тұруға өтініш білдіргендер саны оның сыйымдылығынан артып кетсе, онда жатақханада орын алғысы келетін үміткерлер студенттер мен талапкерлерге арналған порталда жарияланған кезекке тұрулары қажет. Егер бөлмені брондаған жатақхана резиденттерінің бірі Университет аумағынан тыс жерде тұруға шешім қабылдаса, бос орын КИМЭП Университетінің Іріктеу комиссиясымен үлестіріледі. Іріктеу комиссиясы қаржылық қолдау бөлімінің, халықаралық бөлімнің, студенттік мәселелер мен жатақхана бөлімінің (жатақхана қызметккері мен жатақхана старостасын қосқанда) бір өкілінен тұрады. Комиссия шешімі іріктеу критерийлеріне негізделеді. Жоғары академиялық жетістіктер, қоғамдық жұмыс, студенттік өмірге қатысу, кепілдеме хаттар және т.б. бәсекелік артықшылық болып табылады.
Жатақханада орын шектеулі екендігін айтаа кеткіміз келеді, сондықтан талаптарға сай келген және төлемақыны бірінші төлеген үміткерлер артықшылыққа ие болады.
Орын беру
Университет жатақханасынан орын беру қандай-да бір нәсілдік, этникалық, жыныстық немесе діни тиістілігі бойынша кемсітушіліксіз жүзеге асырылады. Мүмкіндігінше орын беру кезінде үміткерлердің тілегі ескерілетін болады. Жатақханаға орналастыру, сондай-ақ жатақхананы басқарудың басқа аспектілері өзгеруі мүмкін және жаңа ережелермен танысу үміткерлердің міндеттілігі болып табылады.
Жатақханада аралас тұру режимі болмайды – әрбір бөлме бір жынысты студенттің тұруына арналған.
Ақыны төлеу тәртібі
Ақыны төлеу тәртібі
Ақыны төлеу тәртібі
Семестрге тұру құны бекітілген және орналасу күніне тәуелді емес.
- Күзгі семестр (2024 ж. 12-тамыз – 2024 ж. 31-желтоқсан)- 386 788 тенге
- Көктемгі семестр (2025 ж. 1-қаңтар – 2025 ж. 18-мамыр) –384 179 тенге
- Жазғы семестр І (2025 ж. 19-мамыр – 2025 ж. 7-шілде)- 137 980 тенге
- Жазғы семестр ІІ (2025 ж. 8-шілде – 2025 ж. 25-шілде)- 48 699 тенге
Күзгі семестр | Көктемгі семестр | |
Төлемнің 1/3 бөлігі жатақханаға кірмей тұрып өтеледі | Орналаспай тұрып
128 930 тенге |
Орналаспай тұрып
128 060 тенге |
Екінші төлем мерзімі (жалпы соманың 1/3 бөлігі) (тек жатақханада тұру үшін үш кезеңге бөліп төлейтін студенттер үшін) | 2024 ж. 20-қыркүйекке дейін
128 930 тенге |
2025 ж. 7-ақпанын дейін
128 060 тенге |
Үшінші төлем мерзімі (жалпы соманың соңғы 1/3 бөлігі) | 2024 ж. 18-қазанға дейін
128 928 тенге |
2025 ж. 7-наурызға дейін
128 059 тенге |
Бөліп төлеу тек әдеттегі семестрлер үшін жүргізіледі. Жазғы семестрлер үшін 100% алдын-ала төлем қажет.
Кешігіп төлеу
Егер төлем ақы уақытылы жасалмаса, онда КИМЭП Университеті тиісті шаралар қолдану құқығына ие.
- Сәйкес мерзім ішінде қарызын өтемеген тұрғындар (жатақхана әкімшілігімен ресми хабарлама жіберген кезден 7 күн өткеннен кейін) жатақханадан шығарылады.
- Пәндерге тіркелу қарызды толық өтемейінше жабық болады.
Депозит қайтару
Жатақхананы қолдану үшін берілген депозит студент ресми түрде жатақханадан шыққан кезде қайтарылады. Депозит қайтару семестр соңынан кейін шамамен 15 күн ішінде жүзеге асырылады.
Жатақханада тұру үшін ақыны қайтару
- Артық төленген соманы 100% қайтару
Кесте
2024 ж. 11-қыркүуйек – 2024 ж. 17-қыркүйек
2025 ж. 29-қаңтар – 2025 ж. 4-ақпан
- Артық төленген соманың 50% қайтару
Кесте
2024 ж. 18-қыркүйек – 2024 ж. 24-қыркүйек
2025 ж. 5-ақпан – 2025 ж. 11-ақпан
- 2024 ж. 24-қыркүйегінен кейін 0% қайтару
- 2025 ж. 11-ақпанынан кейін 0% қайтару
Тәртіптік теріс қылық салдарынан жатақханадан шығып кеткен тұрғындар ақыны қайтаруды талап ету құқығынан айырылады. Жазғы семестр І мен жазғы семестр ІІ үшін төленген ақы қайтарылмайды.
Орналасу тәртібі
Орналасу тәртібі
Дүйсенбі-жұма, сағат 8.00-ден 17-00-ге дейін
Егер жатақханаға орналасу түнгі уақытқа, мейрам немесе демалыс күндеріне келсе, онда студент уақытша хостел/қонақ үйге барғаны жөн.
КИМЭП Университетінің тұрғын үй бөлімі студенттерге уақытша тұру орындарын табуға жәрдемдесе алады.
Жатақханаға орналасу тәртібі:
- Семестрге тұру ақысын төлеу (төлеу жолдарын қараңыз)
- Депозит төлеу
- КИМЭП Университетінің Медициналық орталығында тексерістен өту (жатақхананың жертөле қабаты)
- Жатақхана әкімшілігіне құжаттарды толтыру үшін жолығу
- Бөлменің кілті мен төсек жабдықтарын алу
- Жатақхана старостасымен бөлмеге барып, жиһаздар мен құрылғыларды тексеру, мүлікті тапсыру туралы формаға қол қою
Кеш орналасу
- Егер студент көрсетілген мерзім барысында дәлелді себептерге байланысты жатақханаға орналаса алмаса, ол КИМЭП Университетінің студенттік порталы арқылы «Кеш орналасуға сұратым» формасын толтыру арқылы жатақхана әкімшілігін хабардар етуі тиіс.
- Егер студент көрсеткен уақыт мерзімінде жатақхана әкімшілігін ескертуінсіз келмесе, жатақханада орын беруге кепілдік берілмейді.
- Семестрге тұру құны бекітілген және орналасу күніне тәуелді емес.
Жатақханаға орналастыру тәртібі (жұмыс сағаттарынан тыс)
Жатақханаға орналастыру тәртібі (жұмыс сағаттарынан тыс)
Студенттер жатақханаға орналасу уақытын Тұрғын үй бөлімінің жұмыс уақытына сәйкес жоспарлау керек.
Жұмыс уақыты: Дүйсенбіден Жұмаға дейін, 8:00-ден 17:00-ге дейін
Сенбі және Жексенбі – демалыс
Егер келу түнгі уақытта, мереке немесе демалыс күндері жоспарланған болса, онда олар уақытша қонақ үйлерде / хостелдерге орналасу керек. Residence Life командасы сізге ыңғайлы тұрғын үй табуға көмектеседі.
Университетке жақын жерде ұсынылатын хостелдер:
My Hostel Almaty
Мекен-жайы: Достық даңғылы, 132
Телефон: 8 (776) 678 8344
DimAL Hostel Almaty
Мекен-жайы: Самал-1, Жодасбекова 9/2
Телефон: 8 (701) 911 3222
Жатақханадан кету тәртібі
Жатақханадан кету тәртібі
Жатақханадан кету тәртібі
Жұмыс сағаттары: дүйсенбі-жұма, сағат 8.00-17.00.
Жатақханадан кетуден бұрын сізге келесіні жасауға қажет екенін есте сақтаңыз:
- Жатақхана әкімшілігін жазбаша түрде кету күнінен 2 апта бұрын хабарлау. Әкімшілікке шығындарды бағалау жөніндегі комиссияны құру және бөлмеде қандай-да бір залалдың бар-жоғын тексеру үшін уақыт қажет. Жатақхана әкімшілігі бөлмелер мен жиһаздардың санитарлық жағдайын тексереді. Тексеруден кейін Жатақхана әкімшілігі залалдың болған-салынбағанын анықтайды. Зақымдалған жағдайда зақымдалған заттар үшін төлем депозиттен алынады.
- Жатақхана әкімшілігіне барлық көрсетілген қолдары қойылған «Кеткенде мүлікті қайта тапсыру нысанына» қолыңызды қойып, оны тапсыру. Есте сақтаңыз: бұл нысанға көрсетілген қызметкерлер тек қана сіз бөлмеңіздің және секцияңыздың кілттерін, әрі төсек орын жабдықтарын тапсырғанда қол қояды.
Жаңа мақұлданған жатақханадан кету ережелеріне сәйкес, сіз жатақханадан кетуіңізді тек қана жұмыс сағаттары ішінде рәсімдей аласыз. Егер сіздің сапарыңыз түнге немесе демалыс күндерге жоспарланған болса, тұрғын үй бөлімі қызметкерлері сізге қажет тұратын орынды табуға көмектеседі.
Егер сіз қажетті тәртіпті сақтамасыңыз, жатақхана әкімшілігі сізді күн сайын тұру бағасын төлетуге құқылы болады.
Депозит жүйесінің тәртібі
Депозит жүйесінің тәртібі
Жатақханаға орналаспай тұрып құны 55 250 теңге көлеміндегі депозит төлеу қажет.
Жатақхананы қолдану үшін депозит студент жатақханадан толықтай шықпайнша сақталады.
Кез келген бағаланған зиян мен КИМЭП Университетіне тиесілі басқа шығындар депозит сомасынан алынады. Депозит сомасының қалдығы қайтарылады. Депозит сомасын қайтару үшін студенттер жатақханадан шығу тәртібін сақтау қажет. Жатақханадан шыққаннан кейін студенттер депозит сомасын қайтаруды келесі семестрдің соңына дейін сұрата алады. Депозит сомасын қайтару сұранысы болмаған жағдайда депозит қайтарылмайды.
Студенттер жатақхана мүлігі үшін жауап береді және кез келген келтірілген залал үшін өтем ақы төлейді. Жатақхана әкімшілігін сынған құрал-жабдық немесе қажетті жөндеу жұмыстары туралы хабардар ету қажет. Жатақхана әкімшілігі студенттік мәселелер жөніндегі бөліммен бірге жүйелі түрде студенттер бөлмелерімен қатар жатақхананы толығымен тексеріп отырады. Егер жатақхана әкімшілігі зиян келтіру фактісін анықтаса, ал тұрғындар жауапкершіліктен бас тартса, сол қабатта тұратын әрбір студенттен жөндеу жұмысының ақысы өндіріледі.
Тұрғындар бөлмесіне зиян келтіру
Бөлмеге келтірілген зиян үшін тұрғындар жауап береді. Түсініспеушілік туындамас үшін тұрғындар ораналасу кезінде бөлмені жатақхана старостасының көзінше егжей-тегжейлі тексеріп, жөндеуге тиіс барлық жайттарды атауға кеңес береміз.
Жалпы қолданыстағы бөлмелерге зиян келтіру
Теледидар бөлмесі- демалыс бөлмесі, сабақ оқу бөлмесі сияқты жалпы қолданыстағы бөлмелерге келтірілген зиян үшін жауапты жеке тұлғаға немесе тұлғалар тобына (егер бұндайлар анықталған болса) жүктеледі. Жауапты тұлғаларды анықтау мүмкін болмаса, барлық тұрғындар немесе белгілі бір қабатта тұратын тұрғындар осыған байланысты барлық шығындар үшін ұжымдық жауапкершілікке тартылады. Зиян үшін жалпы шот студенттердің шотына әрбір семестрдің соңында үлестіріледі. Егер студенттер ақаулық бар жалпы қолданыстағы жерлер туралы жасырын түрде хабарлағысы келсе, олар хатты atokina@kimep.kz мекенжайына жібере алады.
Ескертпе. Жалпы қолданыстағы орындарға келтірілген зиян үшін шығындар айына бір рет анықталады және тұрғындардың шоттарына үлестіріледі. Жалпы қолданыстағы жерлерге келтірілген зиян үшін тағайындалған ақы қайта қарастыруға жатпайды. Жеке тұрғынның келтірген зияны үшін өтем ақы студенттің шотына ақыны тағайындаған кезден бастап үш күн ішінде қайта қарастырыла алады. Шағымды тұрғын үй бөлімінің директорының (немесе жатақхана комендатының) электронды поштасына жіберу қажет.
Кілтті жоғалту және құлыпты ауыстыру
Әрбір тұрғын кілттер жиынтығын алады және олар үшін қаржылық жауапкершілікке тартылады. Студенттер басқаларға өз кілттерін бермеуге, кілтті қараусыз қалдырмауға кеңес беріледі, өйткені бұл қауіпсіздікке зиян келтіруі мүмкін және кілтті оның майысып қалмайтындай немесе сынып қалмайтындай қолдануы талап етіледі. Барлық кілттер КИМЭП Университеті жатақханасының мүлігі болып табылады, сондықтан олардың көшірмесін жасауға рұқсат берілмейді. Кілт студенттер мен олардың мүліктерінің қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қауіпсіздік пен қорғаныс студенттің жауапкершілігнде. Осылайша тұрғындар әрқашан кілтті өздерімен алып жүруге тиіс.
Кілттің жоғалуы немесе зақымдануы сіз және сіздің қауымдастығыңыз үшіп қауіп төндіреді. Кілт жоғалған немесе зақымданған жағдайда жатақхана әкімшілігін дереу хабардар ету керек. Сіздің бөлмеңіздің кілті төменде келтірілген жағдайдың біреуі орын алған жағдайда ауыстырылуы тиіс. Кілтті ауыстыру есік және кілт санына байланысты 3500-8000 теңге аралығында болады. Кілт ауыстырудың қорытынды ақысы депозит сомасынан шегеріледі. Тұрғындар келесі жағдайларда ақы төлейді:
- Кілтті зақымдау
- Секция кілтін 24 сағат ішінде қайтармау
- Кілт жатақханадан шығу кезінде қайтарылмаса
- Кілтті жоғалту немесе ұрлатып алу
Кір жуатын орынның қызмет көрсетуі
Кір жуатын орын жатақхананың әрбір қабатында бар. Кір жуатын мәшинелерді қолдану үшін ақы алынбайды. Оған қарамастан, егер кір жуатын мәшинелер сынған болса, ал тұрғындардың ешбіреуі ол үшін жауапкершілік алмаса, жөндеу жұмыстары үшін шығындар барлық тұрғындар арасында үлестіріледі және жатақхананы қолдану үшін кепіл сомасынан алынады.
Жатақхана старосталары
Жатақхана старосталары
Жатақхана старосталары:
• Студенттердің жатақханаға көшіп келу/кету үдерісіне;
• Бөлмені ауыстыруға берілген өтініштерді өңдеуге;
• Шұғыл жағдайларда (өрт кезінде, студенттің денсаулығына қауіп төнген кезде және т.б.);
• Резиденттердің ұсыныстарын қарау барысында;
•КИМЭП жатақханасындағы студенттердің өмірін жақсартуға қатысты кеңестер ұсынуға;
• Шаралар мен бағдарламаларды жоспарлауға;
• Жанжалды жағдайларды шешуге көмек көрсетеді.
Таңдау тәртібі:
Студенттердің таңдау тәртібі бірнеше кезеңнен өтеді. Төменде келтірілген сипаттама студенттерді әрбір кезеңге және олардың осы үдерістегі рөліне қатысты хабардар етуге арналған.
1. Өтініш беру
Сайлау тәртібінің бірінші кезеңі староста позициясына өтініш толтыруға және төменде көрсетілген барлық қажетті құжаттарды іріктеуге келіп саяды.
Қажетті құжаттар:
a) Толтырылған өтініш (сауалнама) және түйіндеме;
ә) Мотивациялық хат;
б) Студенттің академиялық үлгерім парағы;
в) Оқытушылар құрамынан немесе әкімшіліктен кепілдеме хат;
Опционалды:
a) Студенттік Үкіметтен немесе КИМЭП Университетінің ұйымынан кепілдеме хат;
ә) Студенттің жетістіктер сертфикаттарының көшірмелері.
- Сұхбат
Сайлау Комитеті үміткерлерді бағалап, олардың талаптарға сәйкестігін анықтағаннан кейін үміткерлер тобы әңгімелесу кезеңінен өтеді. Әңгімелесу барысында олар староста позициясына өздерінің мүдделілігін талқылау үшін Сайлау Комитетінің өкілдерімен кездеседі. Барлық үміткерлерден жауапкершілік, байсалдылық, жанжалды жағдайларды шешуге қабілеттілік, креативті ойлау, энтузиазм және мақсаттылық күтіледі.
3. Сайлаулар
Сайлау Комитеті шешім қабылдайды да егер үміткерлер староста лауазымына тағайындалған жағдайда, онда әңгімелесуден кейін бес жұмыс күні ішінде оларға хат жіберіледі.
Міндеттілігі мен жауапкершілігі:
Жалпы:
1. Әрбір сәрсенбі күні, сағат 16:00-18:00 аралығында старосталар жеке құрамының апта сайынғы жиналыстарына қатысу;
2. Жұмыс уақытында барлық өтініштер мен төтенше жағдайларға жауап қата отырып, Жатақхананы қадағалауға жәрдемдесу. Қалған уақытта да байланыста болу;
3. Басым түрде әрбір семестрдің басында және жыл бойы өткізілетін жеке құрамның тренингтеріне қатысу;
4. Жатақхана резиденттері тарапынан өтініштер мен ұсыныстарға қатысты Жатақхана әкімшілігінің тиісті өкілімен байланыста болу;
5. Резиденттер үшін тұрақты негізде қолжетімді жағдайда болу;
6. Жеке құрамның кездесуінен бос уақытта барлық шараларға қатысу;
7. Тұрғын үй бөлімінің директорымен, Жатақхана директорымен және Тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасарымен алдын ала жазылған жеке кездесулерге бару;
8. Басшылықтың нұсқауларына сәйкес тапсырмаларды орындау.
Әкімшілік:
1. Студенттерді академиялық жұмыс пен жатақхана жұмысының барлық жаңалықтарына қатысты белсенді түрде ақпараттандыру;
2. Төтенше жағдайларды жоюға (өрт, денсаулыққа төнген қауіп және т.б.) жәрдемдесу;
3.Университетте академиялық сабақтар басталғанға дейін және олар біткеннен кейін жатақханаға көшіп келу/ көшіп кету кезінде жәрдемдесу;
4. Жөндеу жұмыстарына қатысты сұраулар мен резиденттерден алған басқа өтініштерді қабылдап, шұғыл түрде өңдеу.
Жатақхана Старосталары:
- Асия Курманбекова
- Даниил Литвин
- Анаита Амирбек
- Виктория Цой
- Мирас Айбеков
- Ильяс Ильян
- Бегимай Исмаилова
- Қуаныш Тулегенов
Фото
Фото
Жатақхана шаралары
Тұрғын үй бөлімінің 2023-24 оқу жылындағы іс-шаралар кестесі
Семестр | Іс-шаралар | Күні | Өткізілетін орны |
2023 ж күзгі семестр | Ата-аналар, оқуға түсетін және оқуға қайтып келетін студенттер үшін кеңес беру сессиялары | 2023 ж маусым – тамыз | Жатақхана |
Жатақханадағы бірінші курс студенттері үшін студенттер қатарына қабылдау салтанаты | 2023 ж 18 тамыз | Жатақхана | |
Келетін шетел студенттері үшін кеңес беру сессиялары | 2023 ж тамыз – қырқүйек | Жатақхана | |
Жатақханада тұратын студенттер үшін Homecoming мерекесі | 2023 ж қырқүйек – қазан | Кампустан тыс | |
Жатақхангадағы тәлімгерлік бағдарламасы:
· Тәлімгерлерді іріктеу · Бірінші курс студенттерін тәлімгерлерге тіркеу · Бетпе-бет кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастыру · Тәлімгерлермен кеңес беру сессиялары |
2023 ж қырқүйек – желтоқсан | Жатақхана | |
Gotcha іс-шарасы | 2023 ж қазан – қараша | Жатақхана | |
«Хеллоуин» мерекесі | 2023 ж 31 қазан | Жатақхана | |
«тиктокерлердің» мерекелі кеші | 2023 ж қараша | Жатақхана | |
Жатақханадағы Жаңа жыл мерекесі | 2023 ж желтоқсан | Жатақхана | |
2024 ж көктемгі семестр | Ата-аналар, оқуға түсетін және оқуға қайтып келетін студенттер үшін кеңес беру сессиялары | 2023 ж желтоқсан – 2024 ж қаңтар | Жатақхана |
Келетін шетел студенттері үшін кеңес беру сессиялары | 2024 ж қанңтар | Жатақхана | |
«Әулие Валентин күні» мерекесі | 2024 ж 14 ақпан | Жатақхана | |
Жатақхангадағы тәлімгерлік бағдарламасы:
· Тәлімгерлерді іріктеу · Бірінші курс студенттерін тәлімгерлерге тіркеу · Бетпе-бет кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастыру · Тәлімгерлермен кеңес беру сессиялары |
2024 ж қаңтар – мамыр | ||
«Five minds» іс-шарасы | 2024 ж наурыз – сәуір | Кампуста | |
«тиктокерлердің» мерекелі кеші | 2024 ж наурыз. | Жатақхана | |
Тим-билдинг: тауларға серунедеу | 2024 ж мамыр | Кампустан тыс | |
Жатақхана старосталар бағдарламасы:
· Жатақхана старосталарын іріктеу, жалдау және дайындау · Жатақхана студенттерін старосталарға тіркеу |
2024 ж сәуір – мамыр | Жатақхана | |
Жатақхана студенттері үшін сейіл-серуен | 2024 ж мамыр – маусым | Кампуста |
Position | Name | Phone | WorkPhone | Ext. | |
Internal Security | |||||
Head | Kairat Sybanbayev, Diploma in Law | mobile phone 87017125871 | k.sybanbayev@kimep.kz | 237-47-66 | 2558 |
Street Gates | Security | 237-47-57 | 2563 | ||
Dostyk Building Post | Security | 270-42-19 | 2237 | ||
Valikhanov Building Post | Security | 270-43-09 | 3132 | ||
Library Post | Security | 237-47-57 | 2517 | ||
New Academic Building Post | Security | 237-47-57 | 2725 | ||
Dormitory Post | Security | 1013 | |||
Senior Doctor | Sergey Dyakov, Diploma | mob.phone +7 777 300 0822 | s.dyakov@kimep.kz; med.center@kimep.kz | 237-48-05 | 1087 |
Director of RLHD | Assel Tokina, MA | mob.phone +7 701 679 4709 | atokina@kimep.kz | 237-47-73 | 1022 |
Director of Support Services Division | Kozmina Natalya, Diploma | mob.phone +77017524870 | kozmina@kimep.kz | 237-47-51 | 2511 |
Director of Plant Department | Bykovskiy Ilya, Diploma | mob.phone +77013695577 | b.ilya@kimep.kz | 237-47-57 | 2508 |
Chief Engineer | Aivaz Tutadze, Diploma | mob.phone +77772254555 | a.tutadze@kimep.kz | 237-47-57 | 2573 |
Жылжымайтын мүлік агенттігі
Құрметті КИМЭП Университетінің студенттері, қызметкерлері және оқытушылары!
Төменде тұрғын үй іздеушілердің барлығына көмектесуге дайын екі жылжымайтын мүлік агенттігінің тікелей байланыс ақпараты көрсетілген. Агенттік жылжымайтын мүлік бойынша толық ауқымды кәсіби қызмет көрсетеді және әріптестік байланысқа әрқашан дайын.
Агенттік КИМЭП Университетінің студенттеріне, оқытушылары мен қызметкерлеріне жеңілдік береді.
«Квадрат» жылжымайтын мүлік агенттігі
050000 Қазақстан, Алматы қ.,
Алтынсарин көшесі, 10А, «Тигрохауд»
Тел.: +7 (727) 252 28 88;
Моб.тел.: +7 747 500 41 65
E-mail: info@kvadrat-almaty.kz
www.kvadrat-almaty.kz
Алматы жылжымайтын мүлік агенттігі
050000 Қазақстан, Алматы қ.,
Абылайхан даңғ., 15/60, офис 13
Тел/факс: +7 (727) 258-45-05/04/03
Тел/факс: +7 (727) 250-16-45
Моб.тел.: +7 701 720 34 09
E-mail: office@are.kz, arerealty@gmail.com
www.are.kz
КИМЭП-тің қасындағы мейманханалар, хостельдер және резиденциялар
Хостел Home NUCHA Almaty
Алматы, Луганский көш., 14үй
+7 (717) 399–79–50
Хостел: 4 бөлме
Нөмірдің типі | Айына | Тәулігіне | ||||
Ерлерге арналған 8 кісілік нөмірдегі орын | 30 000 тг | 2000-2500 тг | ||||
Әйелдерге арналған 5 кісілік нөмірдегі орын | 30 000 тг | 2000-2500 тг | ||||
Хостел Dim AL Hostel Almaty Алматы, Самал-1, Жолдасбеков көш. 9/2 , 4-қабат +7701 911-32-22 +(727)225-15-55Нөмірдің типі |
Айына | Тәулігіне | ||||
Ерлерге арналған 12 кісілік нөмірдегі орын | 50000 тг | 2500 тг | ||||
Әйелдерге арналған 12 кісілік нөмірдегі орын | 50000 тг | 2500 тг | ||||
6-орынды микс-нөмір | 45000 тг | 3500 тг | ||||
Бір орынды нөмір стандарт | 6000 тг | |||||
Бір орынды нөмір Люкс | 7000 тг | |||||
Екі орынды нөмір Люкс | 9000 тг | |||||
Мейманхана атауы | Мейманхана жұлдыздығы | Мекенжайы | КИМЭП-тен арақашықтығы | Байланыстар | Стоимость 1-местного номераза сутки | Специальная сидка для КИМЭП |
Ирис | 3* | Назарбаев көш. 176 | жаяу 11 минут | +7 7273990033 | 20 000 тенге | Нет |
Гранд Евразия | 4* | Жолдасбеков көш., 9 А | жаяу 15 минут | +7 727 380 8080 http://www.grandeurasiahotel.kz/ |
20 000 тенге | Нет |
Қазақстан | 4* | Достық даңғ., 52/2 | жаяу 5 минут | +7 727 2910101 | 24 000 тенге | Есть |
Шера Парк Инн. | 4* | Қажымұканов көш., 49 | автобуспен 30 минут, машинамен 5-7 минут | +7 727 3337500 http://sheraparkinn.com/ |
33 900 тенге | Есть |
Роял Тюлип Алматы | 5* | Оспанов көш., 401 | автобуспен 33 минут, машинамен 14 минут | +7 727 300 0100 http://www.royaltulipalmaty.com/ |
63 840 тенге | Есть |
Алма | 4* | Кошкунов көш., 4а | жаяу 9 минут, машинамен 4 минут | +7 727 293 8023 http://www.hotelalma.kz/ |
18 000 тенге | Нет |
Алматы | 3* | Қабанбай батыр көш., 85 | метромен 1 станция, жаяу 20 мин. | +727 272 0070 http://hotelalmaty.kz/ |
22 000 тенге | Есть |
Меркур | 4* | Абылайхан даңғ., 53 | метромен 2 станция, машинамен 10 мин. | +727 344 2850 https://www.accorhotels.com/ru/hotel-B0P4-mercure-алматы-сити-центр/ |
35 000 тенге | Есть |
Пәтер табу
Тұрғын үй бөлімі КИМЭП студенттері мен оқытушыларына лайықты пәтер іздеуде көмек көрсетеді. Бұдан басқа, ол басқа пәтерге көшу кезінде қолдау көрсетуге әрқашан дайын.
1 бөлмелі пәтер: 1 жатын бөлме, 1 жуынатын бөлме, ас үй
2 бөлмелі пәтер: 1 қонақ бөлме, 1 жатын бөлме, 1 жуынатын бөлме, ас үй
3 бөлмелі пәтер: 1 қонақ бөлме, 2 жатын бөлме, 1 жуынатын бөлме, ас үй
Пәтерге өтініш беру үшін төмендегі сілтеме бойынша жүру керек. Қолданбада бөлмелердің санын, орналасқан жерін мен бағасын сұрауыңызға болады. Сіздің өтінішіңізді Тұрғын үй бөлімі қабылдайды да сіз кампустан тыс жердегі бос пәтер үшін әлеуетті резидент болып саналасыз. Назар аударыңыз: егер сіз біршама толық ақпарат алғыңыз келсе, онда Тұрғын үй бөлімінің офисіне келіп, өтініш беруіңізге болады.
Бізбен хабарласыңыз:
Тұрғын үй бөлімінің ассистенті
Телефон: +7 (727) 237-47-73 (ішкі нөмірі 1229)
Бөлмелес көршіні табу
«Бөлмелес көршіні табу» — Тұрғын үй бөлімінің жаңа жобасы, оның көмегімен сіз онлайн өтініш беруіңізге болады. Бұл жоба студентке бірге тұратын лайықты адамды іздеуіне көмектесуге бағытталған.