Студенттік мәселелер жөніндегі департамент
Халықаралық бөлім
2023-2024 оқу жылына стратегиялық жоспар
Пандемия, онлайн оқу нысаны, геосаяси жағдай мен табиғи апаттар оқу орындарын білім беру қызметтерін жүзеге асырудың жаңа жолдарын табуға мәжбүрледі. Бұрынғы стратегиялар болашақ сырттан келетін және шетелге жіберілетін студенттер мен әріптестерді қамтудағы өз тиімділігінен айырылды. Халықаралық бөлім КИМЭП Университетінің интернационалдандыру деңгейін қолдау және кеңейту мақсатына жету үшін жаңаша стратегиялық міндеттер мен бастамаларды әзірледі.
Стратегиялық мақсат-міндеттер:
- Сырттан келу мобильділігін арттыру.
- Кешенді қолдау бағдарламалары, шаралары мен қызметтері арқылы сырттан келуші студенттердің академиялық жетістігі мен мәдени бейімделуін қамтамасыз ету.
- Шетелге жіберілетін студенттер/оқытушылардың жоғары дайындық сапасы мен қажетті санын қамтамасыз ету.
- Нақты мәліметтерге негізделген стратегиялық жоспарлау мен шешім қабылдауды жүзеге асыру.
- КИМЭП Университетінен жіберілетін студенттерге/оқытушыларға жоғары сапалы білім мен қауіпсіз ортаға кепілдік бере алатын еуропалық және америкалық үлгідегі университеттермен жаңа халықаралық әріптестіктерді жүзеге асыру.