1994 жылдан бастап КИМЭП басқарушы білім орталығы (бұрынғы үздіксіз білім беру орталығы) мамандарға дағдыларын жетілдіріп, еңбек нарығында бәсекелік артықшылық алуға мүмкіндік беретін динамикалық бағдарламалар ұсынады. Университеттің үздіксіз білім беруге мүдделілігі аясында Орталық кәсіптік дағдыларды екі бағытта жетілдіреді. Біріншіден, Орталық өндірістен қол үзбей икемді түрде нысаналы бағытталған даярлық шеңберінде орта буын басшылар мен тәжірибелі мамандар үшін кең ауқымды мүмкіндіктер ұсынады. Ұсынылып отырған бағдарламаларға нарықтағы жетекші болып табылатын басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасы, кәсіби даму бағдарламасы, тілдер курсы және қазақстандық іскерлік қоғамдастықтың проблемалары бойынша тұрақты дөңгелек үстелдер кіреді.

Сонымен қатар Орталық өзінің әріптестерімен, яғни олардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы әзірленген бағдарламаға олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тығыз байланыста жұмыс істейді. Осының нәтижесінде Орталық жылдам өзгеруші нарықтық жағдайларда бейімделу үшін қажетті әдістер мен жаһандық білімді игеруді қалайтын үкіметтік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар және коммерциялық ұйымдар үшін тамаша тұғырнама болып табылады.

Декан Үндеуі

Көшбасшылық ғылымы мен өнерінің жаңаша тұжырымдамасы

Бүгінгі күннің көшбасшыларына өздерінің ұйымдарының бұрын белгісіз факторларына бейімдеуге бағытталған өзін-өзі талдау мен әрекеттерінің арасында теңгерім қажет. Олар үшін өздерін білу және басқа адамдарға өзінің ықпалын түсінудің  маңыздылығы еш кем емес. Бұл контексте КИМЭП Университетінің Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасы кең өрісті инновациялық оқу әдістерін үйлестіретін, басқару мен көшбасшылықтың тиімді дағдылары мен стильдерінің ауқымын кеңейтетін тұлғалық және кәсіби дамудың жеке, дербес жолын жасап шығаруға көмектесуге арналған.

Бағдарлама көшбасшылықтың өзіндік дұрыс стилін жасап шығаруға көмектесетін инновациялық оқу әдістерінің ауқымды қатарын үйлестіреді. Тәжірибелілікті талантпен үйлестіре отырып, оқытушыларымыз жоғары сападағы оқу тәжірибесін көрсетіп, бизнеске ықпал ететін теория мен практиканы қатар қолданады.

Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасы сіздерге оқу мен жұмысты қатар алып жүруге мүмкіндік беретін ыңғайлы сабақ кестесін ұсынады. Модульдық құрылым сіздерге өздеріңіздің жұмыс үдерістеріңізге оқудың оң ықпалын бірден сезіну мүмкіндігін береді. Бағдарлама мазмұнына жұмыс міндеттерінің тікелей шешімінің (PAW) бірегей әдіснамасы кіреді, оның мақсаты – білім алушыларға сабақ кезінде өздерінің нақты жұмыс проблемалары мен міндеттерін талқылауға қойып, олар үшін инновациялық шешімдер жасап шығару мүмкіндігін береді. Тәжірибелі оқытушылар мен тәлімгерлердің жетекшілігімен жүргізілетін аталмыш әдіснама білім алушылар үшін айқын пайданы көрсетіп, тануға, марапаттауға және мансаптық өсуге әкеле отырып, олардың жұмысы үшін тікелей құндылықты көрсетеді.

Берік кәсіби байланыстарды жолға қою,  маңызды дағдылар мен білімді жетілдіру, сонымен қатар мансаптық тұрғыда өсуді  жеделдету – неліктен мақсатқа ұмтылған кәсіби мамандардың бизнес мектептерде оқуды артық көретінінің үш негізгі себебі. Бұл ретте, уақыт сияқты осындай бірегей активтің құндылығын жете түсіне отырып, көпшілігі белгілі себептермен МВА толыққанды бағдарламасы бойынша классикалық оқуды өту үшін өзінің жұмысы мен отбасынан назарын үзгісі келмейді. Бұл – неліктен Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасын өту опциясы соншалықты маңызды екендігінің тек бір себебі ғана –бағдарлама мансаптық қызметке ниеттенген кәсіби мамандарға небәрі 18 айдың ішінде бітіріп шығатын қарқынды мамандандырылған білім береді.        

Сөзімнің соңында, сіздерді шын жүректен бүкіл дүние жүзі бойынша жұмыс істеп жатқан КИМЭП Университетінің 12 000-нан аса түлектерінің тату отбасына қосылуға шақыруымды қабыл алыңыздар дегім келеді.

Байланыс Ақпараты

Басқару Кадрларына Арналған Білім Орталығы

050010, Алматы, Қазақстан республикасы
Абай даңғылы 2, кеңсе 102

Әкімшілік

Бакытгул Тундикбаева
Директор Образовательного центра для руководящих
кадров
Образовательный центр для руководящих кадров Университета КИМЭП
Офис №227
Телефон: +7 (727) 270 42 88, вн.2034
Моб.телефон: +7(701) 740 01 73
E-mail: bakytgul@kimep.kz
Республика Казахстан,
Алматы
Пр. Абая, 4
Самал Джазыкбаева
Заместитель директора Образовательного центра для руководящих кадров
Образовательный центр для руководящих кадров Университета КИМЭП
Офис №103
Телефон: +7 (727) 237 47 87, ext. #1117
Моб.телефон: +7 (777) 002 19 16
E-mail: jsamal@kimep.kz
Республика Казахстан,
Алматы
Пр. Абая, 4