- Pre-MBA бағдарламасы туралы
- Бағдарламаның артықшылықтары
- Оқу жоспары
- Бағдарламада кім оқи алады?
- Оқуға қабылдау
- Оқу ақысы
- Бізбен байланыс
Pre-MBA бағдарламасы туралы
КИМЭП Университетінің басқарушыларға білім беру орталығы 26 жыл бойы кәсіптік бағдарламалар ұсынып, көшбасшыларды даярлауда. Зор тәжірибеге ие болып, орталығымыз қатысушыларын 5-ақ қана ай ішінде бизнес саласындағы ең жаңа білім мен дағдыларымен жабдықтайтын жаңа кәсіби бағдарламаны ұсынады.
“Pre-MBA” кәсіптік даму бағдарламасы бизнес пен бейкоммерциялық саласы өкілдерінің білімдері мен дағдыларын жетілдіруге арналған және бизнестегі стратегиялар, жаңартпалар, іскерлік коммуникациялар, бұхгалтерлдік есеп және бизнес-жоспарды дайындау секілді негізгі тұжырымдамаларды зерттеуді көздейді. Бағдарлама алуан түрлі салаларда қызмет ететін кісілерге практикалық іскерлік дағдаларын үйрену және оларды өз кәсіби қызметінде және одан тыс қолдана білуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен сіз бес ай ішінде өз кәсіби біліктілігіңізді арттырып, ілгерідегі академиялық тәжірибені алуға дайындала аласыз.
Бағдарламаның артықшылықтары
Түрлі ұйымдардағы қазіргі жағдай қызметкерлерден тек өз саласында кәсіпқойлықты талап етумен ғана шектелмей, іскерлік дағдылар ауқымды көлемі бар болуды және ол дағдыларды компанияның игілігі үшін жүзеге асыруды талап етеді. Қазіргі таңда кәсіпқойлар операциялық басқару, стратегиялық және құқықтық аспектілерін қоса, ұйым қызметінің барлық салалары туралы өзекті білімге ие боле керек. Дәл сол себептен Pre-MBA бағдарламасы оқушыларына іргелі әлі сындарлы іскерлік дағдыларын бере отырып, ұйымдық бөлімшелер арасындағы функционалдық айырмашылықтарды түсіндіреді.
• Халықаралық деңгейдегі кәсіпқойлар командасымен 8 интерактивті модуль
• Білімді бекіту үшін өзекті жаттығулар
• Нақты өмірден алынған бизнес мысалдары, соның ішінде – жұмыс істеп отырған кәсіпорынның қызметін талдау
• Оқу және топтағы әрекеттесу үшін технологиялық қолдау
• Бағдарламаның соңында Гарвард кейстері ұсынылады
• Шақырылған дәріскерлердің баяндамалары
• Бір модульді шетелде өту мүмкіндігі
Оқу жоспары
Ұзақтығы: 5 ай
Модкльдер саны: 8
Оқыту тілі: ағылшын
Оқу кестесі: икемді (сабақтар тек қана демалыс күндері өтеді)
Сертификат: Pre-MBA бағдарламасын бітіргеннен кейін сіз КИМЭП Университетінің серитификатына ие боласыз
«Pre-MBA» бағдарламасы бизнес стратегиясы, жаңартпалар, іскерлік қарымс-қатынастар, қаржы, бухгалтерлік есеп және бизнесті құру сияқыты тұжырымдамаларына ерекше назар аударады. Іс жүзінде, бағдарлама мазмұны бизнесті жүргізудің классикалық негіздерін және іскерлік әлемінің өзекті беталыстарын қамтып, қазақстандық және жаһандық мәнмәтінін терең түсінумен стратегиялық шолу жасайды. Пәндер дәйектілігі ең алдымен іскерлік білімнің мықты негізін қалау үшін құрылған, одан әрі пәндер өзіңіздің жұмысыңыз және іскерлік белсенділігіңізде үйреніп алынған теориялық аспектілерді пайдалануға бағытталады.
Бағдарламада кім оқи алады?
• Өз саласындағы көшбасшылыққа ұмтылатын кісілердің барлығы
• Алдыңғы қатарлы басшылар және менеджерлер
• Бейкоммерциялық қызметт салаларының сарапшылары және мамандары
• Шағын және орта кәсіпорындарының иелері
• Өз бизнесін ашуға үміттенетіндердің барлығы
• Жоо-лардың жуырдағы және әлеуетті бітіруші түлектері (бизнесте және басқа да салаларда маманданғандар)
• Кез келген білім деңгейі бар кісілер (жоғары білімі туралы диплом міндетті емес).
Оқуға қабылдау
Оқуға түсу үшін үміткерлер бағдарламаға түсуге өтінішін және келесі құжаттарды тапсыру керек:
1) Уәждемелі хат
2) 2 ұсынымхат
Оқу ақысы
2020-2021 оқу жылы үшін оқу ақысы – 1 800 000 теңге.
Бізбен байланыс
Бағдарлама туралы біршама толық ақпарат алу үшін, және брошюрамызды және бағдарламаға түсу өтінішін ЖҮКТЕУ үшін келесі электрондық мекен-жайларға хабарласыңыз: