Басқару Кадрларына Арналған MBA Бағдарламасы

Бағдарлама келешекте қызметте өсуге мүмкіндігі бар орта буын менеджерлері мен басшыларына арналған. EMBAБағдарлама солтүстік американдық моделге негізделген және бизнестің стратегиялық пен ғаламдық келешегін кеңейту үшін және бағдарлама қатысушылардың көшбасшылық пен басқарушылық дағдыларының ауқымды спекторын дамыту үшін әзірленген.

Қатысушылар бүгінгі бизнес уақытында компанияны немесе ұйымды жақсы түсінуге, сонымен қатар бәсекелесу қабілетіне жетуге және оны сақтап отыруға қажетті стратегиялық ойлау қабілетін дамытады. Бағдарлама орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі және толық жұмыс уақытын Іскер әкімшілдік магистрі академиялық дәрежесін алудағы оқуды қатар алып жүретін ыңғайлы оқу моделін ұсынады.

2012 жылғы қарашада бағдарламаны бес жылға халықаралық агенттіктер: 3 Деңгейдегі (Толық Халықаралық) Азия бизнес-білім форумы /AFBE/ және еуропалық – Бизнес басқару бойынша халықаралық бағдарламаларды аккредиттеу қоры аккредиттеген /FIBAA/. Сертификаттарды қарау үшін төмендегі логотипке басыңыз.

Executive MBA брошюрасын жүктеу

Bakytgul Tundikbayeva
Director
Executive Education Center
Bang College of Business
KIMEP University
Office #218 Dostyk bld.
Mobile phone (WhatsApp): +7 (701) 74 00 173
E-mail: Bakytgul@kimep.kz
2, Abai Ave.,
Almaty, Republic of Kazakhstan
Samal Jazykbayeva
Deputy Director Executive Education Center of KIMEP University
Executive Education Center of KIMEP University
Office #103
Telephone: +7 (727) 237 47 87, ext. #1117
Mobile phone: +7 (777) 002 19 16
E-mail: jsamal@kimep.kz
4, Abai Ave.,
Almaty
Republic of Kazakhstan
Nazym Imankulova

Executive MBA Program (EMBA) Manager
Executive Education Center
Bang College of Business
KIMEP University

Office #227 Valikhanov bld.
Telephone: 237-47-97 (#3219)
Mobile phone: +7 707 251 77 28
E-mail: n.imankulova@kimep.kz
2, Abai Ave.,
Almaty

Талапкерлер Қабылда

КИМЭП Университеті әр түрлі әлеуметтік, мәдени және білімдік саладан тұлғалық өсудің, дамудың және кәсіптік табыстың жақсы перспективаларына ие болған білікіт талапкерлерді тарту арқылы әлемдік деңгейдегі білім беру идеясын ұстанады.

Орталықазиялық аймақтың дәл кіндігінде орналасқан КИМЭП Университеті бай білім мен тәжірибе, мәдениет алып келген бүкіл дүние жүзінің ерекше профессор-оқытушылар құрамымен және әр түрлі студенттер контингентімен әйгілі. ТМД елдерінің арасында PhD дәрежелі халықаралық оқытушылардың ең көп санына ие болған КИМЭП озық оқу бағдарламалары аясында бірегей оқу тәжірибесін береді. Университеттің академиялық артықшылығына қосымша сіздің КИМЭП-тегі оқуыңыз көшбасшылық қарым-қабілетті, сыни ойлау дағдыларын, коммуникативті және аналитикалық дағдыларды дамыту, сонымен қатар тұлғалық өсу мен ілгерлеуге арналған. Біз бүкіл құрлықтағы көшбасшы университеттермен берік академиялық байланысты ұстап тұруға тырысамыз. Екі дәреже алу, алмасу бағдарламасын өту және шетелдік жетпістен аса беделді университетте оқу мүмкіндігі беріліп, ол сізге әлемдік білім қоғамдастығының бір бөлігіне айналуыңызға және өз арманыңыз бен жоспарыңызға ең жақсы түрде сай келетін білімді жоспарлауыңызға мүмкіндік береді.

КИМЭП Университетінде студенттер бірінші орында тұрады. Тұлғаға бағдарланған жоғары оқу орны бола отырып, тұтастық, ашықтық және адалдық қағидалары біздің негізгі құндылықтарымыздың арасынан орын алады. Біз сіздің білім жолыңызда еш күмәнсіз жететін табыстарыңызға куәгер болуға асықпыз. Сонымен қатар біз сіздің 3500 студенттің, 600 оқытушы мен қызметкердің, көптеген демеушілер мен корпоративтік серіктестердің және біздің қоғамымыздың айрықша өкілдері болып табылатын 9 000-нан аса түлектің қатарына қосылатын күнді асыға күтеміз. 20 жылдан аса уақыттан бері жемісті жұмыс істеп келе жатқан Университетке қош келдіңіздер!

Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын игерген тұлғалар қатысады.

Оқу Бағдарламасы Және Курстар

Бизнес әлемі күннен-күнге ғаламдық және бәсекелі ортаны көрсетуде. Қазақстанда және әлемдік деңгейде ойдағыдай бәсеке болу үшін аналитикалық, концептуалдық және тұлғааралық дағдыларды игеру қажет. Басшыларға арналған МВА бағдарламасы осындай мүмкіндіктерге ие болуды ұсынады. Сіз бизнес шешімдер қабылдау үшін қажетті негіздерді зерттеп, бизнесті ойдағыдай жүргізу дағдыларын игеретін боласыз және осылайша қойылған мақсаттарға қол жеткізе отырып, өзіңіздің кәсіби біліміңізді айтарлықтай нығайта аласыз.

Бағдарлама МВА дәрежесін тағайындаумен аяқтала отырып, шамамен 18 айға созылады. Біздің нұсқаушыларымыз – ҚМЭБИ-дің таңдаулы оқытушылары және шетелдік университеттерден шақырылған профессорлар. Он үш курсқа практикалық үлгі-мысалдармен үйлестірілген бизнес теориясының барлық жаңалықтары енгізіледі. Студенттер қосымша түрде өздерінің жұмысына немесе өздерін көбірек қызықтыратын бизнес аспектілеріне назар аудара отырып, өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Басқару кадрларына арналған Іскер Әкімшілдік Магистратурасы бағдарламаларының пәндері

Басшыларға арналған магистратура бағдарламаларының курстары бизнестің барлық саласын қамтиды. Бағдарлама шағын, сондай-ақ ірі кәсіпорындардағы басқару қабілеттілігі үшін қажетті білім мен іскерлік дағдылар үйлесімді болатындай етіп жасалған.

Пререквизиттер (алдын ала зерттеу үшін қажетті курстар) басшыларға арналған МВА Бағдарламасы Комитетімен анықталуы тиіс. Әдетте, мемлекеттік қызметтегі немесе бизнес саласындағы үш жылдық басқару өтілі бағдарламаға қабылдау үшін қажетті талап болып табылады. Алайда, сәйкес білімі мен біліктілігінің жетіспеуі пререквизиттік курстарды оқумен толықтырылуы тиіс.

Негіздер

  • EBA5205 Бухгалтерлік есеп және қаржы негіздері

Қаржы

  • EBA5215 Корпоративтік қаржылар
  • EBA5217 Инвестициялар, капиталдар нарығы және қаржы институттары.

Бухгалтерлік есеп

  • EBA5220 Басқарушы бухгалтерлік есеп

Экономика

  • EBA5230 Басқарушы экономика

Маркетинг

  • EBA5241 Маркетингтік зерттеулер және стратегиялар

Менеджмент

  • EBA5250 Халықаралық бизнес-менеджмент
  • EBA5251 Стратегиялық басқару және іскерлік саясат
  • EBA5252 Ұйымдық даму

Басқару операциялары/Ақпараттық жүйелер

  • EBA5271 Ақпараттық жүйелер: басқарылатын мәліметтер және білімді басқару
  • EBA5272 Басқару операциялары: ұғымы және қолданылуы

Құқық

  • EBA5280 Іскерлік құқық

Мамандану

  • EBA5291 Бағдарлық өз бетінше оқу

Басқарушы Кадрларға Арналған MBA Бағдарламасына Қысқаша Шолу

  • Басқарушы кадрларға арналған MBA бағдарламасы Сіздің қалаңызда қолжетімді (Астана, Ақтау, Шымкент немесе басқа қала)
  • Сабақтар демалыс күндері өтеді
  • Қазақстанда және дүние жүзінде қабылданған ресми диплом
  • Қазақстандағы жетекші бизнес мектебінен магистр дәрежесі
  • Саланың тәжірибелі оқытушылары мен сарапшылары
  • Өнеркәсіп корпорацияларымен тығыз байланыстар (MNC & жергілікті алыптар)
  • Бағдарлама қосымша маманданумен Сіздің қажеттіліктеріңізге қарай бейімделуі мүмкін
  • 2 диплом, 5 бағдарлама аккредитациясы

Бағдарламаның Профессор-Оқытушылар Құрамы

Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасында “Bang College of Business” факультетінің жетекші профессорлары мен іскер топтардың ішінен жетекші практикалық мамандар арасынан шақырылған лекторлар дәріс береді.

Нақты салалардағы ең таңдаулы сарапшылар білім беріп, олар өз тәжірибесімен және көзқарасымен бөліседі, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді және идеялармен алмасуды қолдайды. Бұл адамдар өз мансаптарыңызды жаңа, біршама жоғары деңгейге алып шығуға дайындайды.

Өтетін Орыны

Басқару кадрларына арналған Білім Беру Орталығындағы өндірістен қол үзбей оқуға және ҚМЭБИ Университетiңде немесе Қазақстаннан тыс жерлерде оқуын жалғастыруға талаптанушылар үшін арнайы құрылған.

Біздің оқу аудиторияларымыз тұсаукесер рәсімін өткізуге арналған заманауи үлгідегі техникамен жабдықталып, ілеспе аударма, бейне конференциялар жүргізу, сонымен қатар әрбір қатысушы үшін интернетке қатынас жасау мүмкіндігін қарастырады. Орталығы тренингтер мен семинарлар өткізуге, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының білімдік бағдарлама тыңдаушыларымен бейресми қарым-қатынас жасауына лайықталып жобаланған.

Халықаралық Оқыту Модульдері

Гонконг
Сонымен қатар КИМЭП Университетіндегі Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасының магистранттарына Гонконгта тоғыз күн ішінде «Азия барыстары» бірінің экономикалық табыс тарихын толық зерттеу мүмкіндігі беріледі. 2013 жылғы 13-22 қыркүйек аралығында өткен оқу модуліне бағдарламаның 32 магистранты қатысты. Оқу үдерісінде Гонконг қор биржасы мен Гонконг көрме орталығына сапарлар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Арнаулы автономиялық аймақта әрекет ететін салық салу мен еркін сауда саясатының оңайлатылған режимімен танысу үшін «Гонконгта бизнес жүргізу» атауымен семинар өткізілді. Модуль кезінде білім алушыларға бағдарламаның екі пәні ұсынылды, олар қолданбалы басқарушы экономика және менеджмент бақылау жүйесі.

Прага
2013 жылғы 15-25 наурыз аралығында Прагада КИМЭП Университеті Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасы аясында арнаулы модуль өткізілді. Ол «Стратегиялық менеджмент және іскерлік саясат» деп аталды. Модуль Прага Жоғары экономика мектебімен бірлесіп ұйымдастырылды. Шетелде оқудың еуропалық орталығы мен оның директоры Кристин Замастил да модульді өткізуге қолдау көрсетті. Сапар аясында «Старопрамен» сыра қайнату зауыты, «Азат Еуропа радиосының» офисі және белгілі Макс Мунсонның «Яма» мейрамханасы сияқты жерлерде бірқатар кездесулер өткізілді.

ҚМЭБИ Университетiнiң Тактикасы

2006 жылы ҚМЭБИ Университетi басқару кадрлары тарапынан білімдік қызметке деген үлкен қызығушылықты күні бұрын көре білді. Бір жыл өткеннен кейін басшыларға арналған МВА бағдарламасы ашылып, оның негізгі миссиясы қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті және ғаламдық өскелең іскер ортада бизнесті дамытатын көшбасшыларды даярлау болды.

Бағдарлама табысты бизнес жүргізу үшін жұмыс істейтін кәсіби мамандардың іскерлік мүдделерін қанағаттандыру мақсатында әзірленді. Бағдарламаның сабақ кестесі білім алушылардың оқуы мен өз компаниясының немесе ұйымының жұмысын қатар алып жүруіне мүмкіндік беретіндей етіп жасалған.

Сабақты ҚМЭБИ Университетiнiң таңдаулы оқытушылары, қазақстандық және шетелдік компаниялардың шақырылған практик қызметкерлері, сонымен қатар басқа халықаралық университеттердің профессорлары жүргізеді. Нұсқаушыларды іріктеу үшін бизнес немесе мемлекеттік басқару саласындағы академиялық (оқытушылық және зерттеушілік), сонымен қатар практикалық тәжірибесінің болуы міндетті талаптардың бірі болып табылады. Оқыту барысына ғаламдық тұрғыдан келе отырып, нұсқаушылар магистранттардың осындай әдіспен жұмыс істеуіне қолдау көрсетеді. Олар қазіргі заманғы басқару теориясын ұсынып, тыңдаушылардың оны практикада пайдалануына көмектеседі. Басшыларға арналған МВА бағдарламасы бұл:

Халықаралық деңгей: Курстарды оқыту жоғары білікті халықаралық профессорлар мен әлемдік деңгейдегі компаниялардың практик қызметкерлерінің үйлесімінде ұсынылып, ғаламдық перспективаларды білуді және басқа елдердің тәжірибесін зерттеуді қамтамасыз етеді.

Көп қырлылық: Бағдарлама адамдық фактор мен қазіргі менеджердің алдынан күн сайын кездесіп отыратын, яки бәріне арналған басқару қапшығының технологиялық және сандық элементтерін қатар енгізген.

Бірегейлік: Бағдарлама курстарының мазмұны тек Орталық Азияда ғана емес, әлемдік ауқымда жұмыс істейтін компаниялар мен ұйымдардың басқару кадрларының әр түрлі талаптарына жауап береді әрі сәйкес келеді.

Қолайлылық: Басшыларға арналған МВА бағдарламасының ұсынған практикалық жағдаяттарын зерттей отырып, Сіз «шынайы әлемнің» келешегін болжап қана қоймай, қажетті шешімдер қабылдап, мүмкіндіктерді пайдалануды үйренетін боласыз.

Жаңалықтарға қабілеттілік: Тіпті тәжірибелі басшылар да жаңа тәсілдерді, перспективалар мен әдістемелерді біле алатын болады.

Үнемділік: Оқу үдерісінің барысында игерілген білім мен дағдылар қызметкерлердің жұмыс орындарындағы тиімділігі мен өнімділігін жылдамдатады.

Техникалық қолдау: Интернеттің болуы, сонымен қатар халықаралық бейне конференцияларды өткізу мүмкіндігі.

Басқарушы Кадрларға Арналған MBA Бағдарламасының Түлектерімен Таныс Болыңыздар

Алмаз Хафизов

Қаржы менеджері

 «Тарбағатай мұнай» БК

КИМЭП Университетіндегі Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасы Қазақстанда халықаралық стандарт бойынша әлемдік деңгейдегі білімді береді. Мен өзімнің барлық достарыма бағдарламаға түсіп, Қазақстандағы қолжетімді бағаға ең үздік білім артықшылықтарын алуға кеңес берер едім».

Фатих Узуноглу

«Galaksi Group» басшысы

“Қазақстанда шетелдік инвестор бола отырып, мен халықаралық бизнес-парадигмамен жергілікті жағдай туралы білімді үйлестіретін MBA бағдарламасын іздедім. КИМЭП Университетіндегі Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасы мен үшін тамаша таңдау болды, өйткені мен өзім де дамимын, басқалармен де тәжірибемді бөлісем. Оқыту жоғары деңгейде жүргізіледі, пәндер ақпаратқа толы әрі қызықты».    

Мария Словяк,

Қосымша кірістер және ақпараттық технологиялар саласындағы даярлау жөніндегі менеджер, «Эйр Астана» компаниясы

 “Бағдарлама, жалпы алғанда  бизнес туралы менің түсінігімді едәуір кеңейтті. Бірақ ең маңыздысы, білім алушылардың өз пікірлерімен және әр түрлі салалардағы нақты іскерлік жұмыс тәжірибесімен бөлісуі болды, бұл басқа бағдарлама аясында мүмкін болмас еді деп ойлаймын”.

Гүлнар Құлыбекова,

Билайн, «Картел» ЖШС қаржы директоры

Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасы  – бұл Қазақстан мен халықаралық нарық бизнесінің көшбасшыларымен тәжірибе әрі  ең үздік практика алмасу үшін бірегей платформа. Осы бағдарламада өткізген екі жыл маған өзімнің менеджменттік дағдыларымды жаңарту, компания стратегиялық менеджментінің техникалық дағдыларын нығайту мүмкіндігін берді. Он бес жылдық тәжірибеммен қаржы директоры бола отырып, мен өзім жұмыс істеген компанияның игілігіне алған кешенді білімімді толық шамада пайдаланамын. Тағы бір артықшылығы, ACCA ассоциациясы бағдарлама түлектерінің  келешектегі мансаптарына оң ықпал ететін белгілі бір жеңілдік деңгейін береді”.

Руслана Тайген,

Басқарушы директор

«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС

Кадрлар бөлімі, корпоративтік даму бөлімі, әлеуметпен байланыстар, АТ-қызмет көрсету және әкімшілік қызмет бөлімі жұмысының супервайзері.

КИМЭП Университетіндегі Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасындағы оқу мен үшін тиімді дамудың жеке мақсаттарына жетудегі келесі қадам болды. Жеке басқару тәжірибесінен жасалған және нәтижелі жүзеге асырылған шешімдер мұнда жалпы көзқарас пен бағалауға ие болды. Менің көзқарасым бойынша, кейде тәжірибелі ақыл-ой санасында үстемдік еткен таптауырындардан бас тарту әкімшілік біліктіліктің өсуіне жаңа түрткі болып табылады. Атап өту керек, қазіргі заманғы бизнестің іс жүзінде барлық аспектілерін қамтыған МВА модульдік бағдарламасы жұмыстан қол үзбей іскер әкімшілдік магистрі дәрежесін алуға мүмкіндік береді”.

Анжелика Кожевникова

Директор орынбасары

«Юг-электрокомплект» ЖШС

Аталмыш бағдарламада мен жолға қойған байланыстарым нағыз іскерлік өзара қарым-қатынастарға айналып, бизнестегі нақты мәмілелерге алып келді”.

 

Анара Сартбаева

Төлем және жеңілдіктер бөлімінің басшысы

Әкімшілікпен және қызметкерлермен байланыстар бөлімі

Тамаша іскерлік байланыстармен үйлескен практикалық құралдар мен білім аталмыш бағдарламаны өте пайдалы бағдарлама еткен”.

Сабақ Кестесі Мен Күнтізбе

Бағдарлама жұмыс істей жүріп басқарушыларға арналған МВА бағдарламасында оқуға мүмкіндік беретін икемді оқу үлгісін ұсынады.

Сабақ екі аптада бір рет өткізіледі:

  • Жұма 15:30 – 20:30
  • Сенбі 9:00 – 18:00

КИМЭП Университеті Басқарушыларға Арналған МВА Бағдарламасына Оқуға Түсуге Не Себеп Бар?

Халықаралық тану және әлемдік рейтингтер:

  • FIBAA, AFBE, AQAAA сияқты агенттіктерден аккредитация
  • Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі қазақстандық тәуелсіз агенттігінен аккредитация
  • EdUniversal Халықаралық ғылыми комитетінен ғаламдық рейтингтегі бағалау

Әлемдік деңгейдегі оқытушылар

  • Академиялық және практикалық тәжірибесі бар сарапшылар
  • Қазақстанда және одан тысқары жерлерде де белгілі ғалымдар мен практиктер
  • Тиісті салалардағы дәлелденген тәжірибе мен табыс/li>

Аса жоғары стандарттар бойынша академиялық және практикалық оқу

  • Бағдарлама мазмұны нақты бизнес мұқтаждықтарын есепке ала отырып құрылған
  • Пәндер басқарушы құрамның қажеттіліктерін есепке ала отырып құрастырылған
  • Ең тиімді басшылық пен көшбасшылыққа оқу

Байланыстарды жолға қоюдың тамаша мүмкіндіктері

  • Магистранттар – экономиканың әр түрлі 18 бағыты мен секторындағы жетекші басшы қызметкерлер
  • Бағдарлама түлектері мен студенттері үшін ұйымдастырылған әр түрлі шараларға қатысу мүмкіндігі
  • КИМЭП Университетіндегі көшбасшылар форумына қатысу мүмкіндігі

Болашақ табыс үшін платформа

  • Бағдарлама түлектерінің жалақысы еліміз бойынша орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары
  • Жалақының орташа өсімі – бағдарламаны бітіргеннен кейін бір жылдан соң 54 %
  • Инвестициялардың өтелімділігі – бағдарламаны бітіргеннен кейін бір жылдан соң орташа алғанда 100%

“Басқарушы кадрларға арналған МВА бағдарламасына халықаралық аккредитацияны беру Басқарушы кадрларға арналған білім беру орталығының, жалпы алғанда бизнес факультетінің әкімшілері мен оқытушыларының жұмсаған күш-жігерін мойындауды білдіреді. Нәтижесі бизнес саласындағы білім беру бағдарламасы болды, оны біз әлемдік деңгейдегі баламалы стандарт деп есептейміз”.
Д-р Брайан Шихан, профессор, «Азия бизнес-білім форумы» аккредиттеу агенттігінің (AFBE) президенті