Онлайн-аккаунт (есептік жазба)

С: Менде кимэп аккаунты жоқ.

Ж: zmaxim@kimep.kz және marian@kimep.kz электронды мекенжайлары бойынша компьютер орталығымен
байланысыңыз

 

С: Мен өз құпиясөзімді ұмытып қалдым.

Ж: marian@kimep.kz және registrar@kimep.kz электронды мекенжайлары бойынша компьютер
орталығымен және тіркеу бөлімімен байланысыңыз.

 

С: Мен өзімнің студенттік порталыма немесе кимэп пошта жәшігіме кіре алмаймын.

Ж: zmaxim@kimep.kz және marian@kimep.kz электронды мекенжайлары бойынша компьютер орталығымен
байланысыңыз

С: Мен кимэп аккаунтына кіре аламын, бірақ Moodle платформасына кіргім келгенде жүйе қате шықты деп
көрсетеді.

Ж: zmaxim@kimep.kz және marian@kimep.kz электронды мекенжайлары бойынша компьютер орталығымен
байланысыңыз

Moodle жүйесі

С: Мен Мoodle платформасын түсінбедім

Ж: Moodle-ды қолдану онлайн нұсқаулығымен
танысыңыз. Содан кейін компьютер орталығымен байланысыңыз.

 

С: Мен үшін Moodle қолдану нұсқаулығы мен үшін тым ұзақ және қиын.

Ж: YouTube каналындағы мына видео
түсініктемені
қарап көріңіз. Содан кейін өз оқытушыңызбен хабарласыңыз.

Бағалау

С: Пән бойынша тапсырма қалай бағаланатынын түсінбеймін.

Ж: Өз оқытушыңызбен хабарласыңыз.

 

С: «Толық емес» (incomplete) деген баға болса не істеуім керек?

Ж: Өз оқытушыңызбен хабарласыңыз немесе registrar@kimep.kz мекенжайы
бойынша тіркеу бөліміне хабарласыңыз.

 

С: Әріптік бағаның орнына «есептелді/есептелген жоқ» деген баға қойылуы мүмкін бе?

Ж: Жоқ. Студент тіркеу кезеңі соңына дейін тіркеу бөліміне қол қойылған «есептелді/есептелген жоқ» формасын
тапысруға міндетті.

 

С: Практиканы өту бойынша міндеттерді қалай жүзеге асырамын?

Ж: Практика жетекшісімен хабарласыңыз

 

С: Сабаққа қатысу және сабақта болу қалай бағаланады?

Ж: Өз оқытушыңызбен хабарласыңыз.

 

С: Өз оқытушымның нұсқаулықтарын түсінбеймін.

Ж: Өз оқытушыңызбен хабарласыңыз. Содан кейін өз факультетіңіздің әкімшілігімен хабарласыңыз.

Қашықтықтан оқыту кезеңі

С: Төтенше жағдай жөніндегі бұйрыққа сәйкес қашықтықтан оқыту кезеңі 2021 ж. 25 тамызынан бастап қайта жалғаса ма?

Ж: Ия. ТЖ байланысты барлық мемлекеттік бұйрықтарды толығымен ұстанамыз.

 

С: 2021 ж. Күзгі семестрдің соңына дейін қашықтықтан білім алу режимінде қалуға болады ма?

Ж: Барлық университеттер бірыңғай режимге бағынады. Қашықтықтан оқыту кезеңі біткенде ғана барлық студенттер оқытудың күндізгі оқыту нысанына өтеді.

 

С: Қазақстаннан кетіп қалған жағдайда, аралық және қорытынды емтихандарды бекітілген уақыттан ертерек және қашықтықтан тапсыруға болады ма?

Ж: Жоқ. Барлық емтихандар бекітілген академиялық күнтізбеде көрсетілген мерзімде өткізіледі.

Байланыс мәслелері

С: Менің оқытушым маған хабарласпаса не істеуім керек?

Ж: Өз оқытушыңызбен хабарласыңыз. Содан кейін факультетіңіздің әкімшілігімен хабарласыңыз.

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

Камила Мусина: kamila@kimep.kz

Гуманитарлық ғылымдар және білім беру факультеті

Марина Ким: marina.kim@kimep.kz

Бизнес факультеті

Афина Колдурмиди: bcb-adm-mngr@kimep.kz

Құқық факультеті

Лаура Қамыспаева: lawcoord@kimep.kz

Дильназ Исраилова: dilnaz@kimep.kz

Кейін өз факультетіңіздің деканына хабарласыңыз.

 

С: Оқытушым мені кампусқа келуге міндеттесе не істеуім керек?

Ж: Бұл жағдай жөнінде өз факультетіңізге хабарлаңыз. Оқытушыңыз сізді кампусқа келуге міндеттеуге құқығы
жоқ.

 

С: Қашықтықтан оқыту құралдарымен оқытушым жқмыс істей алмаса не істеуім керек?

Ж: Сабырлық пен түсіністік танытуды өтінеміз, барлығы да уақыт келе үйренетінін ұмытпаңыз. Белсенділік
танытып, оқытушыңызға кері байланыс ретінде құнды кеңестер беріңіз.

 

С: Орта мектептен анықтаманың және/немесе ресми транскрипттің скан көшірмесін, менің білім
құжаттарымның скан көшірмесін ала аламын ба?

Ж: Ия, алуға болады. registrar@kimep.kz электронды мекенжайына
өтінішті жіберуіңізді өтінеміз.

 

С: Оқытушы, кафедра немесе факультет деңгейіндегі шешілмеген мәселелері жөнінде кімге
хабарласамын?

Ж:

  • Зухра Алиева, оқу ісі жөніндегі бөлім: zukhra@kimep.kz
  • Фариза Бекжан, тәрбие ісі жөніндегі бөлімнің атқарушы директоры: fariza@kimep.kz
  • Әйгерім Ибраева, тәрбие ісі жөніндегі проректор орынбасары: aibr@kimep.kz

Егер сіздің мәселеңіз көрсетілген мерзімде шешілмесе, бірінші проректор кеңсесіне хабарласа аласыз:

  • Арайлым Күдербаева, бірінші проректордың атқарушы көмекшісі: aria.k@kimep.kz

Интернетке байланысты сұрақтар

С: Менде интернетке/құрылғы шығатын компьютер/шығу жоқ.

Ж: Сіз КИМЭП-ке келіп кампустағы компьютер лабораториясында жұмыс істей аласыз.

 

С: Кампустағы интернет байланыс өте баяу және онлайн талқылар мен сабақтар тоқтап қала
береді.

Ж: zmaxim@kimep.kz және marian@kimep.kz электронды мекенжайлары бойынша компьютер орталығымен
байланысыңыз

COVID-19 туралы сұрақтар

C: COVID-19 қалай таралады?
Ж: Адамдар ауруды COVID-19 вирусы бар адамнан жұқтырады. Ауру адамдарға ауа арқылы жөтел кезінде немесе тыныс шығару кезінде мұрын немесе ауызы арқылы таралады. Вирус тамшылары заттар мен заттардың бетіне қонады. Осы заттар мен олардың бетін ұстап, одан кейін өзінің көзін, мұрнын немесе аузын ұстаған кезде адам COVID-19-ды жұқтырады.
 

C: Ауру белгілері жоқ тұлғадан COVID-19 жұқтыруға болады ма?
Ж: Ауру таралудың негізгі жолы – жөтеліп жүрген тұлғадан ауа арқылы таралу. Инфекцияның ауру белгілері жоқ тасымалдаушысы вирусты басқаларға жұқтырады.
 

C: Заттардың бетінде вирус қаншалықты ұзақ сақталады?
Ж: COVID-19 тудыратын вирус заттардың бетінде қаншалықты ұзақ сақталатыны белгісіз, бірақ ол басқа коронавирустар сияқты әрекет ететінге ұқсайды. Зерттеулерге сәйкес коронавирустар (COVID-19 вирусы туралы алдын-ала ақпаратты қосқанда) заттардың бетінде бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақтала алады.
 

C: COVID-19 инкубациялық мерзімі қаншалықты ұзақ?
Ж: «Инкубациялық мерзім» – вирусты жұқтырып, ол тудыратын аурудың белгілерінің пайда болу уақыт аралығы. COVID-19 инкубациялық мерзімі 1 күннен 14 күнге дейін болуы мүмкін, бірақ бес күндік мерзім жиірек кездеседі.
 

C: COVID-19 ауру белгілері қандай?
Ж: COVID-19 ең жиі таралған белгісі безгек, жөтел және шаршау. Кейбір пациенттерде иіс немесе дәм сезу жоғалады, коньюнктивит, бас ауруы, бұлшық еттердің сыздауы, мұрынның бітуі, мұрыннан су ағу, іш өту, жүрек айну немесе құсу, сонымен қатар түрлі тері бөртпелері. COVID-19-бен ауырған 6 адамның 1-уі қатты ауырып, COVID-19-дың ауыр ауру белгілері дамиды, оның ішінде тыныс алудың қиындауы/ентігу, ес адасу, тамаққа тәбеттің болмауы, кеудедегі үздіксіз ауру немесе қатты қысымды сезіну. Бұндай адам ауруханаға жату қажет.
 

C: Бұл COVID-19 немесе жай ғана тұмай екенін қайдан білуге болады?
Ж: COVID-19 инфекциясының тұмау немесе грипп сияқты ауру белгілері бар. Бұлардың айырмашылығын тек зертханалық зерттеу жасау негізінде вирус типін анықтау арқылы анықтауға болады.

 
C: Ауыр сырқатқа кім шалдығуы мүмкін?
Ж: Сырқыттың ауыр жолына шалдығу қаупіне 60 жастан асқан адамдар, сонымен қатар жоғары қан қысымы бар, жүрек немесе өкпе аурулары бар, диабет, семіздік немесе қатерлі ісік аурулары бар тұлғалар шалдығуы мүмкін.
 

C: COVID-19-тің ұзақ мерзімді салдары бар ма?
Ж: COVID-19-бен ауырған кейбір тұлғалар, ауруханаға жатуға мұқтаж болған немесе жеңіл ауырғандығына қарамастан, шаршау, респираторлық және неврологиялық ауру белгілерін сезінеді.
 

C: COVID-19-тен жазылған адамдар вирусты қайта жұқтыра алады ма?
Ж: COVID-19 қайта жұқтыру жағдайлары белгілі.

COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы сұрақтар

C: COVID-19-ке қарсы вакцинациядан өтуге кім құқылы?
Ж: 18 жастан жоғары барлық тұлғалар вакциянация алуғ құқылы..
 

C: Вакцинациялануға кімнің қарсы көрсетімдері бар?
Ж: Жүкті және емізетін әйелдер, аллергиялық аурудың ауыр түрлерімен ауыратын, жедел респираторлық инфекциясы бар (COVID-19-ті қоса алғанда) және өршу кезеңіндегі кез-келген созылмалы аурулары бар тұлғаларға вакцина алуға кеңес берілмейді.
 

C: Екпені қайдан алуға болады және оның құны қандай?
Ж: Сіз жергілікті ауруханада немесе сауда орталықтарында орналасқан вакцинация пункттерінде вакцинациядан өте аласыз. Вакцинация тегін және ҚР Мемлекеттік медициналық сақтандыру қорынан өтеледі.
 

C: Қазақстанда қандай COVID-19-ке қарсы вакциналардың лицензиясы бар?
Ж: QazVac (Қазақстан), Sputnik V (Ресей), Hayat Vax и CoronaVac (Қытай).
 
C: Мен алғым келетін вакцинаны таңдай аламын ба?
Ж: Ия, сіз қажетті вакцинаңызды таңдай аласыз.

C: Вакцинация алдында коронавирусқа антиденелерге талдау жасау керек па?
Ж: Оның қажеті жоқ. Сізде антиденелер болғанның өзінде сізде ауру жұқтыру қауіпі жоқ деп саналмайсыз.
 

C: Мен COVID-19 пациентімен байланыста болдым. Қашан егу жасай аламын?
Ж: Егуді 14 күндік карантин мерзімі аяқталғаннан кейін қоя аласыз.
 

C: Вакцинаның екі дозасы арасында COVID-19-ды жұқтыруға болады ма?
Ж: Ол мүмкін. Бірінші вакцинациядан кейін сіздің иммундық жүйеңіз әлсірейді, өйткені иммунитет біртіндеп қалыптасады, сондықтан адамдармен байланысты шектеп, барлық алдын-алу шараларын жүзеге асырған жөн.
 

C: Егер адам вакцинаның бірінші компонентнен кейін COVID-19-бен ауырса, оған екінші компонентін қашан жасау керек?
Ж: Егер адам COVID-19-бен ауырса, онда екнші компонентті аурудан кейін бірден егуді қойдырмаған дұрыс. Сіз дәргерлік кеңеске барғаныңыз жөн.
 

C: Мен вакцинаның екінші дозасын алмасам не болады?
Ж: Вакцина екікомпонентті болып табылады. Вакцинаның екінші дозасы толық иммунитетті қалыптастыру үшін қажет. Егер тұлға екінші компонентті алмаса, онда организм тек 50-60% сақтандырылған болып есептеледі.
 

C: Вакцина мені COVID-19-тің жаңа штаммдарынан/мутацияланған вирустардан қорғай алады ма?
Ж: Дене вакцинацияға жауап ретінде вирустың бөліктеріне антиденелердің бірнеше түрін, соның ішінде масақ протеинін шығарады. Сондықтан барлық вакциналар мутацияланған вирустардан қорғанысты қамтамасыз етеді деп күтілуде. Алайда, вакцинация сізді 100% қорғамайтынын түсінуіңіз керек. Сіз профилактикалық шараларды ұстануды жалғастыруыңыз керек.
 

C: COVID-19-ға қарсы вакцинасынан кейін жалпы қарсы көрсеткіштер қандай?
Ж: Кең таралған қарсы көрсеткіштерге егу салған қолдың ауруы, қызаруы немесе ісіп кетуі, сонымен қатар бұлшық ет ауруы, шаршау, бас ауруы, қалтырау, безгек және жүрек айну жатады. Аталмыш қарсы көрсеткіштер сіздің күнделікті істеріңізге кедергі келтіруі мүмкін, бірақ олар үш күннен кейін жоғалады. Аса ауыр ыңғайсыздық немесе шағымдарыңыз бар болса, 103 немесе вакцинациядан кейін берілген ақпараттық парақта көрсетілген нөмір бойынша хабарласыңыз.
 

C: Вакцинациядан кейін қандай қауіпсіздік шараларын ұстанған дұрыс?
Ж: COVID-19-қа қарсы вакцинация алған әрбір тұлға инфекцияның таралуын тоқтату мақсатында сәйкес ережелерді сақтанған дұрыс, яғни маска тағу, арақашықтықты сақтау және қолын зарарсыздандыру.

C: Вакцинация адам ДНҚ-на әсер ете алады ма?
Ж: Жоқ, әсер ете алмайды!