Өз тарихында алғаш рет КИМЭП Университеті «Горизонт 2020» бағдарламасының Мария-Склодовская Кюри атындағы халықаралық алмасу бастамасының «Жаңа нарықтар» жобасының қатысушысы болып отыр.
Әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқытушылары құрамына
– Дублиннің қалалық университеті, Ирландия (Үйлестіруші)
– Лунд университеті, Швеция
– Хельсинки университеті, Финляндия
– Таллин техникалық университеті, Эстония
– Латвия университеті
– Экономикалық саясатты зерттеу орталығы, Грузия
– SIAR халықаралық зерттеу-консалтингтік компаниясы, Қырғызстан
– Әлемдік экономика және дипломатия университеті, Өзбекстан
– Беларусь Республикасының Президенті жанындағы басқару академиясы кіретін жоо-лар консорциумы мен сарапшылар орталықтарына мүше болып кірді.
«Жаңа нарықтар» жобасы экономикаға жаңа келген және бұрыннан қызмет етіп жатқан субъектілеріне посткеңестік аймақта кәсіпкерлікке байланысты пайда болатын жасырын тәуекелдерге шолу алу мүмкіндігін беретін нақты нұсқаулық тапшылығын зерттеуге арнлаған.
Зерттеу үш кезеңге бөлінген:
Біріншісі – Беларусь, Эстония, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты посткеңестік аймақтың мақсатты елдерінде нарық либерализациясы бойынша соңғы 10 жылда (2008-2018 жж.) қабылданған саяси шараларға шолу жасау. Зерттеушілер аталмыш алты елде қабылданған негізгі механизмдер мен саяси шараларды қарастыра отырып, олардың кәсіпкерлік ортаға қаншалықты әсер еткендігін қарастырады. Екінші кезеңде мақсатты елдерде бизнес ахуалды жақсарту шараларының эмпирикалық бағалауы жүргізіледі. Үшінші кезең екінші кезеңнің қорытындылары негізінде құрылады, яғни зерттеушілер макро- және микро-мүмкіншіліктерді, сонымен қатар үкімет бастамасымен қабылданған шараларды қол жеткізілген қорытындылармен салыстыра отырып аймақтағы қиыншылықтар мен мүмкіншіліктерді көрсетеді.
Зерттеушілер мен КИМЭП Университетінің оқытушылары зерттеу байланыстарын орнату және «СКОПУС» жүйесінің журналдарында жеке және ортақ жұмыстарды жариялау мақсатында әріптес жоо-ларға сапар шегу мүмкіндігіне ие болады.
Ақпараттық анықтама: «Горизонт 2020» – жеті жыл ішінде (2014-2020 жж.) қаржыландыруы 80 млрд. евроға жуық соманы (зерттеу тартуға бағытталған жеке инвестицияларға қосымша) құраған ең ірі еуропалық зерттеу және инновациялық бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты – теоретикалық ой-пікірлерді шынайы нарықта қолдану жөнінде серпілісті жаңалықтар мен ғылыми-практикалық ұсыныстар беру.
Байланысушы тұлға: Жамиля Утарбаева