2021 жылғы 7 қазанда қазақстандағы Италия елшісі Марко Альберти КИМЭП Университетінің президенті д-р Чан Йан Бэнгке ерекше марапат – «Италия жұлдызы» орденін берді. Марапат беру салтанатында Италя консулы – д-р Пьетро Кала, және КИМЭП Университетінің проректорлары, декандары және студенттік үкіметінің өкілдері қатысты.
Марапат д-р Бэнгтің білім беру, бизнес және көшбасшылық салаларына қосқан үлесін және Қазақстан мен Италияның жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың басталуын білдіреді.
Ресми рәсім алдында Альберти мырза мен д-р Бэнг кездесіп, ынтымақтастықтың нақты жолдары мен арнайы жобаларын талқылады. КИМЭП Университетінің итальяндық серіктестерімізбен бірге ұйымдастыратын қызықты оқиғалар туралы хабардар болыңыз.