КИМЭП Университеті түрлі қажеттіліктері бар студенттерге білім алудың бірдей мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге тырысады. Университеттің саясатына сәйкес, білім алуда ерекше мүмкіндіктері бар бірде- бір адам кез келген бағдарламада оқудан немесе Университет өміріне қатысудан шектетіле алмайды, немесе кез келген бағдарламаның артықшылығынан немесе қызмет түрімен қолдану мүмкіндігінен айырыла алмайды. Осыған орай, КИМЭП Университеті төмендегі ережелерді енгізді:

  • КИМЭП Университетінде ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды кемсітудің кез келген түріне тыйым салынады.
  • КИМЭП Университеті ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға оқу жүктемеін үлестіруде жеке әдіс пен ұтымды жағдайлар ұсынады.

Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды анықтау

Осы ережелердің мақсаты үшін «ерекше қажеттілктері бар» ұғымы көп жағдайда әртүрлі медициналық, физикалық немесе ақыл-ойдың артта қалуы, даму қабілетінің кідірісі немесе шектеулі мүмкіндіктермен байланысты бірқатар қажеттіліктері бар тұлғаларға қолданылады.

Мақсатты аудитория

Академиялық қолдауды алу үшін ерекше қажеттіліктері бар студент КИМЭП Университетінің Медициналық орталығына жүгініп, жарамды құжаттамаларды куәландыру үшін тапсыруы қажет.

Ерекше қажеттіліктері бар студенттерге академиялқ қолдау тек сәйкес құжаттамаларды ұсынған сәттен бастап көрсетіледі. Студенттер төменде көрсетілген ауытқулардың бір немесе бірнеше түрі болған жағдайда академиялық қолдауға жүгіне алады:

  • Қозғалу, есту немесе сөйлеу қабілеті қабілеті бұзылған жағдайда
  • Когнитивті функциялардың төмендеуі
  • Жүре пайда болған бас сүйек-ми зақымдары
  • Даму қабілетінің кідірісі
  • Психикалық денсаулығының түрлі ақаулықтары
  • Академиялық үлгерімге теріс әсер ететін басқа созылмалы немесе денсаулыққа байланысты шектеулер

Медициналық куәландыру

Құжаттаманы ерекше қажеттіліктері бар тұлғаның отбасы мүшесі болып табылматын тиісті мамандар        даярлау қажет.

Құжаттаманың жасалған мерзімі бір жылдан аспауы тиіс. Құжат түпнұсқалары талап етілген шарттарға сай, толық болуы керек. Университет өз қалауы бойынша қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.

Құжаттама және құпиялылық

Студенттер академиялық қолдау алуға сұрау салу аясында Университетке тапсырылған медициналық  құжаттама әрекет етуші заңнама және Университеттің саясатына сәйкес құпия медициналық ақпарат болып табылады. Осындай құжаттама қызмет бабы бойынша аталмыш ақпаратты алу үшін өкілеттілігі бар тұлғаларға ғана беріледі. Аталмыш құпия ақпарат Медициналық орталықта басқа құжаттардан бөлек сақталынуы қажет.

Пәндерге тіркелудегі артықшылықтар

Ерекше қажеттіліктері бар екендігін құжатпен растаған студенттер оқу пәндеріне алдын ала тіркелуге құқықтары бар. Студенттер өткісі келетін пәндердің тізімін тіркеу кезеңі басталуына үш бұрын Академиялқ қолдау орталығына тапсырулары керек. Бұл студенттер үшін оқу кестесін аса ыңғайлы жоспарлау мүмкіндігін беру, сабақтар арасындағы тиісті үзілістерді резервте сақтауда көмектесу және қол жетімді бөлмелерде пәндердің өтуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Академиялық қолдауға жататындар (төменде көрсетілгендермен шектеліп қана қоймайды):

  • Аралық/соңғы бақылаудан өту кезеңін созу
  • Аралық/соңғы бақылаудан өту үшін басқа орын беру
  • Дәрісті таспаға жазуға рұқсат
  • Өз еркімен дауыстап оқып беруші
  • Конспектілер/ сабақтардың жазбалары
  • Емтихандарға тамақ пен сусындар алып келуге рұқсат
  • Нашар еститіндерге жазбаша нұсқаулықтар
  • Нашар көретіндерге әріптері үлкейтілген материалдар
  • Арбада отыратын немесе қозғалу қиыншалақтары бар студенттер үшін емтихандарды үйде қабылдау

Академиялық қолдауды сұрау

Қажет болатын академиялық қолдауды ұсыну жөнінде студенттер тікелей оқытушымен талқылауға кеңес беріледі. Оқытушымен өзінің мұқтаждықтарын талқылау студенттің жағдайын жақсы түсінуге көмектеседі және студентті жеке тұлға ретінде білуге мүмкіндік береді.

Академиялық қолдау алу үшін студенттер төмендегілерді орындаулары керек:

  1. Тез арада өтініш беріп, академиялық қолдауға мұқтаждығын растайтын құжаттарды тапсыру;
  2. Академиялық қолдау орталығына қажет академиялық қолдау жөнінде толық ақпарат беру;
  1. Оқытушыға өз мұқтаждықтарын түсіндіріп, академиялық қолдауды беру мүмкіндігін талқылау. Егер студент аталмыш мәселені оқытушымен жеке талқылауды орынсыз деп есептейтін болса, АҚО қызметкерлері оқытушылармен академиялық қолдау мәселесін шешуге көмектесе алады.
  2. Әр емтихан алдында оқытушыға өзінің академиялық қолдауға мұқтаждығы туралы, мысалы дайындыққа ұзағырақ уақыт және/немесе емтиханға тыныш бөлме керек екендігін ескерту қажет.

Оқытушылардың жауапкершіліктері

  • Оқытушыларға академиялық адалдық ұстанымдарын бұзуға және бір немесе басқа пән бойынша талап етілетін түсіну немесе құзырет деңгейін көрсетуге шамасы келмеген студенттерге өту балын қоюға тыйым салынады. Академиялық қолдауды бергенге қарамастан, оқытушылар ерекше қажеттіліктері бар студенттердің үлгерімін басқа кез келген студенттердің үлгерімі сияқты бағалауға міндетті.
  • Академиялық қолдауды беру кезінде қиыншылықтар сезінетін немесе ондай қолдауды беруге келіспейтін оқытушы Студенттерді академиялық қолдау орталығының қызметкерлерімен немесе тәрбие ісі жөніндегі проректордың орынбасарымен міндетті түрде хабарласуы керек.
  • Академиялық қолдау көрсетуде қиыншлқтар болған немесе оны беруден бас тарту жағдайында оқытушы Академялық қолдау көрсету орталығының қызметкерлеріне немесе оқу ісі жөніндегі проректор орынбасарына жүгіну қажет;
  • Егер оқытушы мен Орталық қызметкерлері академиялық қолдау мәселесі жөнінде келісімге келе алмаса, олар орын алған жағдады шешу мақсатында академиялық мәселелер жөніндегі вице-президентке жүгінулері тиіс;
  • Оқытушылар Студенттерді академиялық қолдау орталығын ескертусіз академиялық қолдау көрсетпеді;
  • Оқытушылар презентациялар, оқу құралдарын, тарату материалдарын, БАҚ, интернет- сайттарын қоса алғанда барлық оқу материалдарының бар болуын және жеткіліктігін қамтамасыз етуге міндетті.
  • Студенттерге қатысты мәселелерде құпиялылықты сақтауға міндетті.

Тұрғын үй жағдайы

Ерекше қажеттіліктері бар студенттер тұрғын үй бөлімінің қызметкерлері тиісті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуде басымдықты қызмет көрсетуді талап етуге құқылы. Бірінші кезектегі қолдау және тиісті тұрғын үй алу үшін студент Академиялық қолдау орталығынан растау алу керек.

Мінез-құлық ережелері

Ерекше қажеттіліктері бар студент мәртебесі лайықсыз мінез-қүлқын ақтамайды.

  • Мінез-құлық ережесін бұзғаны үшін Университет өз қалауы бойынша және студенттің ерекше қажеттіліктеріне байланысты оған кез келген студентке бірдей қолданылатын тәртіп жөніндегі жаза қолдануға құқығы бар.
  • Студент жазып берген дәрілерді ішуден бас тартудан немесе уақытылы қабылдамау және/немесе басқа терапиялық емдік шараларын алмау себебінен пайда болған лайықсыз мінез-құлық ақтауға жатпады.

Арыз және шағым берудің ішкі тәртіптері

Берілген қызмет көрсетуге, баспана немесе университеттік тәжірибелер мен талаптарды түрлендіруге қатысты қызмет көрсету сапасы қанағаттандырмайды деп есептетін студенттер өз арыздары мен шағымдарын тез шешу мақсатында Университеттің өкілетті қызметкерлеріне, яғни оқытушыларға, декандар немесе студенттік мәселелер жөніндегі бөлімге хабарласуға кеңес беріледі. Ерекше қажеттіліктері бар студенттерге Академиялық  қолдау орталығы ұсынатын қызмет көрсетулерге тікелей қатысты арыздар немесе апелляциялар тәрбие ісі жөніндегі проректордың орынбасарына тез арада хабарлануы керек. Аталмыш лауазымды тұлға мәселені қарастырып, оны өз күшімен шешу үшін шаралар қолданады. Егер мәселе аталмыш құзырет аясында шешілмесе, студент университеттің бірінші проректорына арызын жіберуге құқылы. Барлық арыздар жазбаша түрде беріледі. Арызда арыз берушінің аты-жөні, ID номері және тиісті жағдайдың сипаттамасы болу керек.