Өткен 2023-2024 оқу жылының гранттық бағдарламасы
2024-2025 академиялық жылы
Зияткерлік олимпиада жеңімпаздарына арналған гранттар
Өтеу мөлшері: 100% және 50% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант стипендия мен жатақхана, студенттік, медициналық төлемдерді, айыппұлдар, депозиттер, кітапхана төлемдерін және т.б ақысын қамтымайды
Грант мерзімі: 4 оқу жылы (ұзартылмайды)
Гранттар саны: 14 – 100% грант және 14 – 50% грант
Азаматтығы: кез келген
Іріктеу талаптар: 2024 жылғы Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің түлектері
Күні: 25 наурыз, 2024 жыл (дүйсенбі)
Басталу уақыты: 10:00
Өтетін жері: КИМЭП Университеті
Өтініш қабылдау мерзімі: қоса алғанда 2024 жылдың 4 наурызына дейiн
Келесі факультеттердің бағдарламаларына түсетін үміткерлерге арналған:
– Доктор Бэнг атындағы Бизнес факультеті
– Әлеуметтік ғылымдар факультеті
– Білім және гуманитарлық ғылымдар факультеті
“Халықаралық құқық” және “Құқықтану” бакалавриат мамандықтарына түсетін үміткерлерге олимпиада пікірталас турнирі түрінде өтеді. Пікірталас турнирі туралы ақпарат осы сайтта жарияланды.
Маңызды! Сіз бір ғана іс-шараға қатыса аласыз – Пікірталас Турнирі немесе Интеллектуалды Олимпиада
Олимпиадаға қалай қатысуға болады:
1. Тіркелу формасын толтырыңыз.
2. Жеке куәліктің/Паспорттың электрондық көшірмесін жүктеу.
3. Бітіретін сыныпта(11/12) оқитының растайтын, Мектепте/Колледжде берілетін анықтаманың көшірмесін жүктеу.
4. IELTS/TOEFL/Duolingo сертификаттары болса, мерзімі бойынша жарамды көшірмелерін жүктеу немесе KEPT эмтиханың тапсыру. KEPT – КИМЭП университетінің ағылшын тілінің деңгейін анықтауға арналған тегін онлайн тест. KEPT-ке тіркелу туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қабылдау Комиссия бөлімімен хабарласыңыз (uao@kimep.kz , +7 (727)2704213, 8 707 1704213).
5. Сіздің өтінішіңіздің статусын растайтын хатты бізден күтіңіз (finaid@kimep.kz).
Егер қатысушылардың құжаттар пакеті толық болмаса, Олимпиадаға қатысуға жіберілмейді
Зияткерлік олимпиада КИМЭП университетінің кампусында өтеді және 2 кезеңнен тұрады:
4 наурызға дейін (қоса алғанда) қатысушылар халықаралық IELTS/TOEFL/Duolingo сертификаттарын ұсынуы немесе КИМЭП Университетінің ағылшын тілін еркін меңгеру сынағынан өтуі керек (KEPT тек КИМЭП Университеті үшін жарамды).
Келесі кезеңге өту ұпайлары: KEPT 80 / IELTS 5.5 (әр бөлімде 5.0-ден кем емес) / TOEFL IBT 70 / Duolingo 105 (әр бөлімде 100-ден кем емес).
Сәйкес баллдары бар қатысушылар олимпиаданың екінші кезеңіне шақырылады.
Маңызды! Қатысушылар бірдей балл алған жағдайда, ұйымдастыру комитеті қосымша критерийларды қою мүмкін(ағылшын тілінен жинаған балл, интервью және т.б.).
Маңызды! Барлық емтихандар 2024 жылдың 25 наурызында Алматы қаласында КИМЭП университетінің кампусында өтеді.
Маңызды! Барлық емтихандар ағылшын тілінде өткізіледі. Өту баллының минималды пайызы – 50%. 50% – дан аз ұпай жинаған қатысушылар автоматты түрде сайыстан шығады. Қатысушылар бірдей балл алған жағдайда, ұйымдастыру комитеті қосымша критерийларды қою мүмкін(ағылшын тілінен жинаған балл, интервью және т.б.).
Олимпиадаға «Менеджмент», «Маркетинг», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Ақпараттық жүйелер», «Компьютерлік ғылым», «Экономика» пәндері бойынша үміткерлер математикадан емтихан тапсырады.
Емтиханның ұзақтығы: 2 сағат
Емтиханға қатысушылар математикалық есептерді шешу нәтижелері бойынша бағаланады. Ұсынылған математикалық есептер стандартты емес және классикалық олимпиадалық есептермен сәйкес болады. Бұл емтиханға қатысушылар логикалық және аналитикалық ойлауды көрсетуі керек.
Емтихан құрылымы:
Қатысушылар математикадан алты есепті шешуі керек. Олар мыналардан тұрады:
– Орта мектеп бағдарламасына негізделген 2 жеңіл есеп (әрқайсысы 10 ұпай);
– Логикалық ойлауды қолданатын 2 орташа есеп (әрқайсысы 15 ұпай);
– Олимпиадалық деңгейдегі 2 қосымша есеп (әрқайсысы 25 ұпайдан).
Математика емтиханының максималды баллы – 100 балл.
Бағалау критерийлері:
Ұйымдастыру комитеті әрбір үміткерге қатысты шешім қабылдайды. Математика саласындағы бәсекелестер өз мақалаларында қойылған мәселелерге толық егжей-тегжейлі шешімдер мен жауаптар береді деп күтілуде. Түпнұсқа және шығармашылық шешімдер ынталандырылады және бағаланады.
Математика емтиханына дайындалу үшін келесі дереккөздерді пайдалануға болады:
1) pdf-файл “Сборник задач по Математике для поступающих во вузы под редакцией М.И.Сканави” ішіндегі жауаптарымен;
2) pdf-файл “Сборник заданий для проведения письменного экзамена по Математике за курс средней школы. 11 класс. Г.В.Дорофеев”. Жинаққа жауаптар;
3) pdf-файл “Математические олимпиады школьников. И.С.Петраков” ішіндегі жауаптарымен;
4) pdf-файл “Задачи математических олимпиад. И.Л.Бабинская” ішіндегі жауаптарымен;
5) Кез келген басқа әдебиеттер.
Олимпиадаға «Халықаралық қатынастар», «Журналистика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Психология», «Когнитивті ғылымдар» мамандықтары бойынша үміткерлер Дүниежүзілік тарих және Қазақстан тарихы пәндері бойынша емтихан тапсырады.
Емтиханның ұзақтығы: 2 сағат
Емтихан құрылымы:
1. Дүниежүзі тарихы бойынша 30 сұрақтан тұратын тест. Жалпы ұпай саны 30-ға тең.
Дүниежүзілік тарих емтиханына дайындалу үшін келесі оқу құралын пайдалана аласыз “Дүниежүзі тарихы. Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт. 2-бөлім. Р.Р.Кайырбекова” – орыс тілінде pdf-файл
2. Ағылшын тілінде эссе жазу. Эссе 500 сөзден кем болмауы керек. Дұрыс жазылуы мен грамматикасы ескеріледі. Эссе үшін берілетін максималды балл – 70 балл.
Эссе жазу құрылымы:
– Қысқаша кіріспе: таңдалған тақырыптың өзектілігінің негіздемесі (негіздемелері) болуы керек; дәлелдер мен аргументтер болуы керек.
– Негізгі бөлім: тақырып аясында қойылған сұрақтарға ұйымдасқан және логикалық жауап беруі керек; тақырыпты жақсы қамтығаныңызды дәлелдеу қажет. Әрбір сөйлем мен әрбір абзац тақырыпқа сәйкес және аргументті дамытуда қадамдық байланыс болу керек.
– Қорытынды: эссенің негізгі ережелері мен дәлелдерін қысқаша баяндау керек.
Қазақстан тарихының эссе тақырыптары:
Жалпы тақырып: “Jaña Qazaqstan” (New Kazakhstan)
Ішкі тақырыптар: емтихан кезінде беріледі.
Олимпиадаға «Аударма ісі», «Шетел тілдері: Екі Шет тілі» мамандықтары бойынша үміткерлер Дүниежүзі тарихы және тіл білімі мен аударматану емтихан тапсырады.
Емтиханның ұзақтығы: 2 сағат
Емтихан құрылымы:
1. Дүниежүзі тарихы бойынша 30 сұрақтан тұратын тест. Жалпы ұпай саны 30-ға тең.
Дүниежүзілік тарих емтиханына дайындалу үшін келесі оқу құралын пайдалана аласыз “Дүниежүзі тарихы. Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт. 2-бөлім. Р.Р.Кайырбекова” – орыс тілінде pdf-файл
2. Ағылшын тілінде эссе жазу. Эссе 250-ден 500 сөзге дейін жазылуы керек. Эссе үшін берілетін максималды балл – 70 балл.
Емтиханына арналған эссе тақырыптары:
Жалпы тақырып: Жалпы эссе тақырыбы аударматану, тілдерді үйрену және білім берумен байланысты болады.
Ішкі тақырыптар: емтихан кезінде беріледі.
Дайын эссе келесі талаптарға сай болуы керек:
1. Кіріспе қысқа, түсінікті және тақырыпқа сай ма?
2. Әр абзацта бір негізгі және нақты сұрақты тұжырымдайсыз ба?
3. Параграфтар логикалық реттілікпен берілген бе?
4. Өз идеяларыңызды қолдау үшін қандай дәлелдер қолданасыз?
5. Қарсы пікірлерді қабылдайсыз ба?
6. Қайталау мен жалпылаудан аулақсыз ба?
7. Сіздің қорытындыңыз қысқа және тақырыпқа сәйкес пе?
8. Сәйкес грамматика, сөздік және тыныс белгілерін пайдаланасыз ба?
Маңызды! Эссе автордың тақырып бойынша жеке пікірін ғана емес, сонымен қатар тақырыпты түсіну деңгейін көрсетуі керек.
Бағалау критерийлері:
Эссе IELTS Writing Task 2 (барына қолжетімді нұсқа) бойынша бағаланады.
Дайындау үшін ұсынылатын әдебиеттер:
1. Academic Writing from Paragraph to Essay, 2010, by Dorothy E Zemach & Lisa Rumisek
2. Engaging Writing 2: Essential Skills for Academic Writing, 2nd Edition, 2011, by Mary Fitzpatrick
3. Essay Writing For English Tests, 2001, by Gabi Duigu
4. Writing High School Essays With Advanced English Grammar: Book 2, 2016, by Quek Boon Chuan
5. Writing Essays: A guide for students in English and the humanities, 2015, by Richard Marggraf Turley
Нәтижелер шығу кезеңі: сәуір-мамыр
– Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті қатысушыдың екінші кезеңде жинаған ұпайлары бойынша гранттарды үлестіреді.
– Қатысушылар бірдей балл алған жағдайда, ұйымдастыру комитеті қосымша критерийларды қою мүмкін(ағылшын тілінен жинаған балл, интервью және т.б.).
– КИМЭП олимпиадасы әр мамандық ішінде 1-орын жеңімпазына 100% грант және 2-орынға 50% грант қарастырады.
– Екінші кезеңде 50%-дан аз жинаған қатысушы грантпен марапатталынбайды.
– Гранттарды қайта бөлу кезінде кезек күту тізімі қалыптасады. Тек жалпы балы 50% немесе одан жоғары үміткерлер кезекке қосылады.
– Грант зияткерлік олимпиадаға қатысу кезінде олимпидаға тіркелу нысанында тандалған мамандыққа беріледі.
– Марапатталған студенттер оқу бағдарламасын өзгерте алмайды, әйтпесе олардың гранты жойылады.
– Марапатталған студенттерге пошта арқылы марапаттау хаты мен ережелері жіберіледі.
– Олимпиада жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ережелерімен, сондай-ақ КИМЭП Университетінің ішкі қабылдау саясатында белгіленген қабылдау талаптарын орындауға міндетті, соның ішінде ҰБТ тиісті мамандандырылған пәндермен.