Тәлімгерлік бағдарламасының негізін қалаушылар

Жанат-Алиманов

Жанат Алиманов

Рашид-Гайсин

Рашид Гайсин

Динара-Жармуханова

Динара Жармұханова

Аскар-Достияров

Асқар Достияров

Арман-Т

Арман Тастанбеков

Бағдарлама туралы

I. МИССИЯ
Бағдарлама миссиясы – тәлімгерлер мен олардың қамқорлығындағы шәкірттердің заң факультетінде іскер және заңгерлік қауымдастықты қолдау мен жәрдемдесу жағдайын қалыптастыру.

II. МИССИЯНЫ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТTEP
1) Үздік түлектерді іздестіру (мансаптық өсу мүмкіндігі барынша жоғары);
2) Үздік тәлімгерлерді іздестіру (бағдарламада жұмыс істеуге дайын және беделді әрі үздік кәсіптік біліктілігі бар маман)
3) Шәкірттер өз тәлімгерлерінен барынша үйрене алатын, ал тәлімгерлер қамқорлығындағыларды оқытып, олардың кәсіби жетілуіне жәрдемдесетін жағымды жағдай мен шарттар жасау

III. ҚАҒИДАЛАРЫ
(1) Екіжақты қолдау
(2) Өзара сыйластық

IV. АТҚАРАТЫН РӨЛДЕРІ
А. Тәлімгерлер рөлі
1) шәкірттер тәлімгерлерден үйрене алатын, ал тәлімгерлер шәкірттердің өз мүмкіндіктерінің толыққанды жүзеге асыра алуын қолдайтын орта қалыптастыру
а) тәлімгердің жұмыс істеп жүрген ұйымында практика өтуге ерекше кеңес береміз
ә) мақсаттарды қою
б) мансапты жоспарлау
в) вербалды байланыс, топта жұмыс істеу, жоспарлау мен ұйымдастыру, уақытты басқару, жұмыс уақыты мен демалыс арасында баланс орнату, көшбасшылық, т.б. мәселелер бойынша кеңес беру
Ә. Шәкірттердің рөлі
– тәлімгерлердің кеңестерін қабылдау
V. ШАРТТАРЫ
1) Ұзақтығы – 12 ай
2)Сатылары
А) кіріспе кездесу
Ә) тәлімгер мен шәкірттер арасында келісім жасау
Б) бағдарламаны орындау
В) Аяқталуы (тәлімгер шәкірттің бағдарламаны қаншалықты үздік өткендігін анықтайды)
Д) бағдарламаны өткен шәкірттерге қашықтықтан кеңес беру

Тәлімгерлік бағдарламасның сипаттамасы:
Тәлімгерлік келесідей кезеңдер бойынша жүзеге асырылады: дайындық, келісім жасасу, бағдарламаны орындау мен оның аяқатлуы.
• Дайындық кезеңінде тәлімгер мен шәкірт ортақ үміттері туралы, құпиялық пен өзара қарым-қатынастың шеңбері жөнінде әңгімелеседі.
• Келісім жасасу кезеңінде тәлімгер шәкіртіне мақсатқа қол жеткізу бойынша нақты қойылған мақсаттары мен міндеттерін анықтауға жоспар жасауға көмектеседі.
• Бағдарламаны орындау кезеңінде ол бойынша нақты жұмыс жүргізіледі. Тәлімгер шәкіртіне жоспарды орындау кезінде қолдау көрсетеді, кеңестер береді және есеп алады.
• Бағдарламаны аяқтау оның жоспарланған соңы болып табылады. Аяқталуды тәлімгер мен шәкірттің қортытындсында қандай жетістіктерге жеткендігін түсіну үшін қолданады.

Бағдарламаның жоспарланған ұзақтығы – 12 ай (тараптардың әрбіреуі екінші жақпен түсіністік орын алмаған болса әріптестікті тоқтата алады).

Бағдарлама шаралары – қатысушылардың ортақ жиналысы әрбір жарты жыл сайын өткізіледі.
Жарты жылдық жиналыстарда қатысушылар бағдарлама туралы ортақ ойларын бағалау формасын толытру арқылы білдіреді, бағдарламаның маңызды мәселелерін талқылайды, қажет болған жағдайда олар бойынша дауыс береді.

Келесі жиналыстың күні алдын ала белгіленеді.
Келесі жиналыстарда қарастырылатын мәселелерге кіретіндер (төменде келтірілгендермен шектелмейді):
– Қойылған мақсаттарға қатысушылар қаншалықты қол жеткізгендігі. Егер мақсаттар орындалмаса, неліктен олар орындалмады, қатысушылардың осы мақсаттарына қол жеткізуде бағдарлама қаншалықты пайдалы?
– Бағдарлама ағымдағы форматта қаншалықты сәтті болып табылады?
– Бағдарламаның пайдасын арттыру мен қатысушылардың сұраныстарына барынша сәйкестендіру мақсатында оған түзетулер енгізу қажет пе?
– Бағдарламаның сәттілігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау
– Алдыңғы жылға бағдарлама жоспары

Тәлімгерлер

zhanat

Жанат Алиманов

Тәлімгерлік бағдарламасының директоры

Ассистан-профессор, КИМЭП Университеті Заң клиникасыны мен құқықтану бакалавриаты бағдарламасының директоры

Жаңа академиялық ғимарат, 123 офис | alimanov@kimep.kz

Толығырақ:

Білімі:
Дьюк Университетінің құқық факультетінің корпоративті құқық бойынша магистрі (LLM), АҚШ, 2000 ж.
Құқықтану мамандығы бойынша үздік диплом, Қазақ гуманитарлық заң университеті, 1998 ж.

Тәжірибесі:
Корпоративті және коммерциялық құқық саласында ауқымды тәжірибе. Қазіргі таңдағы зерттеу қызығушылықтары – корпоративті және қаржылық құқық, заңгерлік этика

Адвокаттық қызметпен айналысу рұқсаты:
Нью-Йорк штатының адвокаттық лицензиясы, АҚШ


Askar

Асқар Достияров

«Қазына капитал менеджмент» АҚ басқармасының төрағасы

Толығырақ:

Асқар қаржы бойынша МВА дәрежесін Джордж Вашингтон Университетінен (АҚШ, 2001) алды. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты болып табылады. Экономика саласы бойынша PhD дәрежесі бар. Тікелей инвестициялар мен жалпы басқару саласында 10 жылдық кәсіби мансаптан кейін Достияров мырза басқару бағдарламасын тәмамдап, Пенсильвания Университетінің Уортон мектебінің түлегі мәртебесіне ие болды (АҚШ, 2011-2014 жж.).

Асқар Достияров жеке инвестициялар мен телекоммуникацияларды қоса алғанда басқа түрлі салаларда 17 жылдық кәсіптік тәжірибесі бар маман. Астанада жұмыс істемей тұрып ол «Казкоммерц Секьюритиз» (Алматы, Қазақстан), VISOR Investment Solutions (Алматы, Қазақстан), Mobile Telecom-Service (Алматы, Қазақстан), «Меридиан Капитал» инвестициялық топта (Лондон, Великобритания және Алматы,Қазақстан) түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Акционерлер өкілі ретінде Thistle Mining, Қазақтелеком, Алтел, Нұрсат, ҚарақұдықМұнай және көптеген басқа компаниялардың директорлар кеңесінің мүшесі болған.

2013 жылдың маусым айынан бастап «Бәйтерек Ұлттық басқарушы холдингі» компаниялар тобына қосылды. Онда басқарма төрағасы, Қазақстанның Даму банкінің төрағасының бірінші орынбасары, Бәйтерек Холдингісінің бас инвестициялық директоры ретінде қызметтер атқарған. Жұмыс істеу барысында мемлекеттік экономиканың дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет» мемлекеттік орденімен, ҚР қаржы секторының дамуы саласында көрнекті жетістіктері үшін «Мерей», «Қаржы саласындағы ардақты маман», «Қаржы саласындағы жыл маманы» мемлекеттік медальдарымен марапатталған.

2017 жылдың ақпан айынан бастап Kazyna Capital Management (Жеке инвестициялар қоры. KCM тобына капитализациясы 2,4 млрд АҚШ доллары болатын 13 жеке инвестициялар қорлары кіреді) бас директоры болып табылады.


dinara

Динара Жармұханова

Басқарушы серіктес, «Centil» ЖШС

Толығырақ:

Динараның түрлі корпоративті және транзакциялық ұйымдарда 16 жылдық тәжірибесі бар. Ол мұнайгаз, телекоммуникациялық, банк, құрылыс сияқты түрлі салаларда қызмет атқарған. Динара Жармұханованың еңбек жолына транзакциялық және халықаралық дауларды шешу, сонымен қатар қосылу мен жұтылулуар, корпоративті реструктуризация, қаржылық операциялар, бірлескен өнеркәсіп пен инвестициялар жөніндегі келісімшарттармен жұмыс істеу кіреді.

Динара Лондонда 2013 және 2014 жылдары халықаралық арбитраж саласында қызметі үшін 2015 жылы Ұлыбританияның ең үздік заңгері деп танылды. Қазақстандық адвокаттар алқасында мүшелікпен қатар, ол Нью-Йорктегі адвокаттар алқасының мүшесі болып табылады. Ол Дьюк Университетінің (АҚШ) құқық мектебінде білім алған.


Rashid

Рашид Гайсин

Бірлесіп басқарушы серіктес, «INTEGRITES Kazakhstan» ЖШС

Толығырақ:

Рашид бірігулер мен жұтылулар, копроративті қайта құрылымдау, жер қойнауын пайдалану (мұнай мен газ, пайдалы қазбаларды өндіру), корпоративті құқық, коммерциялық құқық және қаржылық құқық сияқты мәсеселермен айналысатын жетекші аймақтық заң фирмаларында басқарушы серіктес ретінде қызмет атқарған. Қазақстандағы PwC заңды практикасының серіктесі мен басшысы ретінде Рашид Қазақстандағы және Еуразиялық аймақтағы (Орталық Азия мен Кавказ) PwC заңды практикасымен айналысты. Рашид қазақ және ағылшын тілдерінде қатар практикамен айналысатын екі біліктілігі бар заңгер болып табылады. Ол 1998 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік заң университетін үздік дипломмен бітіріп, Данди Университетінде (1998-1999 жж.) мұнай құқығы мен саясат саласында магистр дәрежесіне ие болды. Одан кейін Рашид ВРР Заң мектебінде (Лондон) академиялық дайындықтан кейін Англия және Уэльстің адвокат дәрежесін алды, содан кейін «Norton Rose» халықаралық заң фирмасының лондондық офисінде екі жыл қызмет етті. Рашид Британ-Қазақстандық заң қауымдастығының вице-төрағасы және Қазақстандық адвокаттар алқасының басқармасының мүшесі болып табылады.


Rashid

Виктория Симонова

Серіктес, «Dentons» ЖШС

Толығырақ:

Виктория 20 жылдан астам тәжірибесі бар «Dentons» Алматы офисінің серіктесі болып табылады. Энергетика, корпоративті құқық және сот істерін қарастыру мәселелері кіретін қазақстандық және халықаралық құқықтың ауқымды мәселелері бойынша клиенттерге кеңес береді. Виктория күрделі сот істерін қарастыруларға қатысады. Ол мұнайгаз, телекоммуникациялық және құрылыс салаларында жұмыс істейтін компаниялардың активтерін сатып алу және басқа мүдделері бойынша клиенттерге кеңес береді. Виктория бірқатар ірі бірігулер мен жұтылу істері бойынша кеңес берген.

Виктория Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдасытығының директоры болып табылады. Сонымен қатар, Халықаралық мұнайгаз келіссөздері бойынша мамандар қауымдастығының, Мұнайгаз саласы заңгерлерінің қазақстандық қауымдастығының және Қазақстандық адвокаттар алқасының мүшесі.


kurmangazy

Құрманғазы Талжанов

Бірлесіп басқарушы серіктес, «INTEGRITES Kazakhstan» ЖШС

Толығырақ:

Құрманғазы Талжанов «INTEGRITES Kazakhstan» заңгерлік фирмасының қазақстандық офиснің бірлесіп басқарушы серіктесі болып табылады. Ол табиғи ресурстар, корпоративті құқық/бірігу және жұтылу, банк және қаржылық құқық саласындағы практиканың жетекшісі болып табылады. Талжанов мырза отын-энергетикалық кешен, тау-кен қазу өнеркәсібі, жылжымайтын мүлік және құрылыс салалары сияқты экономика секторларында тәжірибесі мол маман. Ол дауларды шешу аясында танылған сарапшы болып табылады және Қазақстандық халықаралық арбитраждың ұсынылған арбитрлерінің қатарына кіреді. Құрманғазы Талжанов арбитраждық соттар мен жалпы юрисдикциядағы соттарда клиенттер өкілідігіне маманданады.


arman

Арман Тастанбеков

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Биржасының басқармасының мүшесі, құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры

Толығырақ:

Арман бірігулер мен жұтылулар, жер қойнауын пайдалану, дауларды шешу және капитал нарығы саласында аймақтағы жетекші заңгерлердің бірі болып табылады. Қазіргі таңда Арман «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Биржасының басқармасының мүшесі және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры. Отандық және халықаралық компаниялар мен қаржылық институттардың ұсынған түрлі жобаларында Арман қызмет еткен. Осыған дейін ол Алматы мен Астанадағы Am Law 100 фирмаларының кеңесшісі мен серіктесі болған, сонымен қатар FTSE 100 мұнайгаз компаниясының аймақтық кеңесшісі болған. Оған қоса ол Алматыдағы трансшекаралық келісімшарттарға маманданатын заң фирмасының бірлескен құрылтайшысы болған. Арман Қазақ мемлекеттік заң университетін үздік бітіріп, Американдық университеттің Вашингтондық заң колледжінен LLM дәрежесін алды. Ол Қазақстан Республикасы мен Нью-Йорктегі заңгерлік практикаға рұқсатына ие.


kurmangazy

Мұхит Елеуов

Серіктес, «Kinstellar» ЖШС

Толығырақ:

Мұхит Елеуов Алматы офиінте серіктес болып табылады. Ол копроративті және акционерлік дауларда, келісісшарттық және коммерциялық дауларда, құрылыс дауларында, кәсіптік ұқыпсыздық саласындағы дауларда, тауар сапасы үшін жауапкершілік дауларында, еңбек, кеден және салық дауларында, сонымен қатар басқа да нормативтік даулар салаларында қызмет көрсетуде ауқымды тәжірибеге ие. Бірнеше жылдар қатарынан халықаралық құқықтық анықтамалар Мұхитты Қазақстанда дауларды шешуде жетекші заңгер деп атады.

Кәсіптік мүшелік
– Қазақстандық адвокаттар алқасының басшылығының мүшесі
– Қазақстандық адвокаттар алқасының және Қазақстан Республикасының арбитраждық заңнамасын жетілдіру жөнінде заңгер-мұнайшылардың қазақстандық алқасының комитетінің мүшесі
– Қазақстандық адвокаттар алқасына құқықық көмек көрсету туралы заңды дамыту бойынша жұмыс тобының мүшесі
– Кеден және сауда бойынша Американдық сауда палатасының жұмыс тобының мүшесі
– Индиана Университетінің Маурер заң факультетінің Жаһандық кеңес беру кеңесінің мүшесі, Блумингтон қ., Индиана штаты, АҚШ


Тәлімгерлер мен шәкірттерге арналған ақпарат

Төменде тәлімгерлер мен шәкірттерге арналған ақпарат ұсынылған:

ПАЙДАЛЫ ҚҰРАЛДAP
Тәлімгерлер мен шәкірттерге тәлімгерлік сессияларын тиімді және мақсатқа сай жүргізуге және бағдарламаның нәтижелілігін арттыруға көмектесетін құралдарды пайдалануға ерекше кеңес береміз:

Тәлімгерлік туралы келісімшарт

I. БАҒДАРЛАМА ӘКІМШІЛЕРІ МЕН ТӘЛІМГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
Бағдарлама әкімшілігі

zhanat

Жанат Алиманов

Бағдарламаның негізін қалаушы мен директоры


alina

Алина Давар

Бағдарлама директорының орынбасары

Тәлімгер міндеті:
• Мансаптық жоспарлау мен дағдылардың дамуына жәрдемдесу (мақсаттарды анықтау, байланыстарды қалыптастыру, резюме құру)
• Мақсаттарды анықтау мен мақсатқа жету талпынысына жәрдемдесу. Бағыттарды анықтауға көмектесу
• Шәкірттің әлсіз жақтарын түсіну және оның артықшылығын күшейту
• Шәкіртке үлгі болу және кәсіпқойлықты қолдау
• Туындаған мәселелерді шешу дағдысын қалыптастыру
• Оқыту құралы ретінде тәжірибемен алмасу
• Мамандық туралы ақпарат беру
• Өзін-өзі бағалауды қолдау
• Жұмыс кестесінің мүмкіндігінше шәкіртпен жұмыс істеуге уақыт бөлу. Бір шәкіртке орташа алғанда 10-15 сағат уақыт бөлген жөн
• Байыпты және тиімді қарым-қатынас құру үшін тұрақты жеке кездесулер қажет (айына бір кездесуден). Сонымен қатар, тәлімгерліктің маңызды бөлігі – телефон немесе электронды пошта арқылы (студенттің қалауы бойынша байланыс түрі) тұрақты байланыс жүргізу.
• Қашықтықтан тәлімгерліктің сәттілігі үшін тәлімгер студентпен бірінші және екінші кездесуді жеке өткізуге, содан соң бұндай кездесулерді айына екі рет өткізуге дайын болуы тиіс. Тәлімгер шәкіртпен кездесуді жазғы немесе демалыс (каникул) кезінде де жүргізе алады.
• Тұрақты кездесулердің кестесін алдын-ала құру. Студенттің сабақ кестесі семестр сайын ауысатынын есте сақтаған жөн, сондықтан кездесулер кестесіне өзгертулерді кемінде жылына екі рет енгізген дұрыс.
• Шәкірттің қиындықтарын тыңдау және кеңес беру.
• Бағдарламаны жетілдіру және бағалау мақсатында бағдарлама үйлестірушісімен пікір алмасу. Бағдарламаны бағалау бойынша анкетаны қолдану арқыры кері байланыс жасау.
• Бағдарламаның міндетті емес шараларына қатысу (мысалы, талқылау топтары, бағдарлама үйлестірушісімен кездесулер, т.б.)

Шәкірттің міндеттері:
• Бағдарламаға белсенді қатысу
• Жеке мақсаттарың мен мансабыңдағы міндеттерді ойластыру. Мақсат, жоспар және стратегиялық идеялар бойынша нақты кеңес алуға дайын болу.
• Тәлімгермен кездесуге дайындалу және оған қатысу, сұрақтар қоюға, ойыңмен бөлісуге дайын болу.
• Тәлімгер ұсынатын мүмкіндіктер, шектеулер мен қарым-қатынас нысанын түсіну және сыйластықпен қарау. Тәлімгерге сыпайылық пен сыйластық таныту.
• Тәлімгер ұсынатын кеңестер немесе ұсыныстарды салмақты түрде қарастыру. Тәлімгердің берген кеңестерін пайдасыз деп сөз қайтару дөрекі және жөнсіз болып танылады.
• Кері байланыс түрін таңдауда бастамашылық ету. Шәкірт үшін кері байланыс жеке тұлғалық және кәсіптік даму үшін аса маңызды. Екі жақ үшін қолайлы кері байланысты қабылдау.
• Бағдарламаны өткеннен кейін шәкірттің өзі тәлімгер болу бастамасымен ұсыныс жасағаны жөн.

Пікірлер

Сымбат Тұлбаева
Тәлімгері: Динара Жармұханова, Centil заң фирмасының негізін қалаушы және басқарушы серіктесі

Өзіңнің «жарқын болашағыңа» апаратын бағытты таңдау қиын мәселе екендігін өз тәжірибемнен білемін және «alma mater» қабырғаларынан шыққан кезде сәтті мансапты қалай құру және қателеспес үшін қайдан бастау керектігін түсіну бастапқы кезде өте қиын. Дәл осы сәтте тәлімгердің рөлі бағаланбас болады. Маған университетті бітіруге бір семестр қалғанда тәлімгерлік бағдарламасына қатысу үлкен сәттілік болды. Осы бағдарламаның арқасында біршама ұзақ және қиын айлар бойы тапжылмай кеңес беріп, өз тәжірибесімен бөліскен адамды таптым.

Тәлімгерлік бағдарламасы жас маманның өз орнын табу міндетін жеңілдетеді, жиі жасалатын қателіктерден сақтайды. Осының барлығы тәлімгердің терең ойлы жетекшілігімен жүзеге асады.

Тәлімгерлікті алу студенттер, түлектер мен жас кәсіпқойлар үшін өмірдегі маңызды, тіпті өте қажетті кезең. Өйткені, ол кәсіби ортада өзіңнің бірыңғай тұлғаңды қалыптастыруға жәрдемдеседі. Осыған қоса, бұл жоба тәлімгерлердің өздері үшін де маңызды екендігін атап өту керек. Олар өз тәжірибелерімен бөлісе келе және жас мамандарға бағыт көрсете отыра берік заңгерлер қауымының құрылылуына септігін тигізеді.

ЗАЛИНА ГЕЛИСХАНОВА
Тәлімгер: Құрманғазы Талжанов (PhD, Integritіes заң фирмасының басқарушы серіктесі)

Менің бағдарламам 2017 жылдың 24-қазанында басталды. Менің менторым «Integritіes» заң фирмасының басқарушы серіктесі Құрманғазы Талжанов болды. Тәлімгер мен шәкірт үшін бағдарлама тиімді болу үшін біз осы бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылатын жеке мақсаттар мен міндеттерді анықтаудан бастадық. Бағдарлама негізінен сәтті жұмыс істеу үшін студенттің кәсіби және жеке дағдыларын жетілдіруге бағытталған: 1) кәсіби сұранысқа ие дағдыларды дамыту; 2) болашақ қызмет үшін сәйкес құқық саласын таңдау (корпоративті, коммерциялық, қаржы құқығы т.б.); 3) болашақ заңгер қызметіне қажетті жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту. Негізгі мақсат ретінде ең сәйкес келетін құқық саласын іздестіру, яғни шәкірт өз білімін тереңдететін, кәсіби және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін, сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен білімдерге ие болу мен оларды жетілдіретін сала. Тиімді жұмыс істеу мақсатында біз айына бір немесе екі рет (қажеттілікке байланысты) кездесулер ұйымдастыруды жөн көрдік. Қандай да бір келеңсіз мәселелер туындаған кезде біз электронды пошта немесе телефон арқылы әрқашан байланыста болдық. Осы уақытта мен болашақ заңгер ретінде жұмыс істегім келетін нақты саланы таңдауым керек болды. Осы таңдаудан кейін оқу барысында қандай білімге көбірек зейін қою керектігін анықтап алғаннан соң маған қай салаға бет түзеуім керектігі ашылды. Осы тұста маған қателіктерді түзеуге пайдалы және дұрыс кеңес берген және маман ретінде өзімді жетілдіру үшін ең жақсы әдісті таңдауға көмектескен тәлімгердің бар болғандығы мен үшін өте маңызды болды.

Бұған қоса күнделікті практикамен айналысатын заңгер ретінде менің тәлімгерім нарықтағы қазіргі жағдайды түсінуге көмектесті, сәтті мансап құру үшін қандай дүниелер сұранысқа ие және маған қандай қосымша курстар өту керектігін түсіндірді. Қорытындылай келе, үздік әлемдік практикаларға негізделген аталмыш бағдарлама болашақ мамандар үшін шынымен керемет мүмкіндік, өйткені олар әрекет етуші заңгерлермен арақатынаста бола тұра тек теорияны оқу арқылы үйрене алмайтын кеңестер мен тәжірибе алады.

Татьяна Хавратова
Тәлімгер: Арман Тастанбеков, CLO, «Astana International Exchange» ЖШС басқарушы комитетінің мүшесі

Тәлмгерлік бағдарламасы мен айналысқалы тұрған мамандық туралы тәжірибелі адамнан конструктивті пікір алмасудан тұратын бірегей мүмкіндік болды. Бағдарлама барысында өз мақсаттарым мен міндеттерімді, артықтышылқтарымды анықтауға, кәсіптік ортаға сіңу, алға ұмтылу үшін уәждеме алу, алда қойған мақсаттарыма жету барысында туындайтын қиындықтарға төтеп беру, алдыма қойылған мәселелерді шешуде жаңа әдістер табу, терең және кең ойлау қабілетіне ие болу, өз күшіңе сене білу мен өз болашағыңды анық көру қабілеттеріне ие болдым.

Бүгінгі таңда бағдарлама даму үстінде және жақында бұдан да зор жетістіктерге жететіндігіне күмәнім жоқ, осылайша ақырында иституцияланатындығына сенімдімін. Мен бағдарлама ұйымдастырушылары мен негізін қалаушыларына және әрине, менің тәлімгеріме де шынайы ризашылығым мен құрметімді білдіремін.

Бағдарлама үміткерлері үшін

Бағдарламаға қатысу үшін:
1. КИМЭП студенті болуыңыз қажет
2. Тәлімгермен кездесулер немесе басқа байланыс түрлеріне уақыт бөлуге дайын болу
3. Жанат Алиманов немесе Алина Давар оқытатын пәндердің біреуін «А-» немесе одан жоғары бағамен өту
4. Орташа академиялық балл (GPA) 3.7-ден кем болмауы тиіс, ережеден тыс ерекше жағдайлар Жанат Алиманов пен Алина Давардың шешіміне байланысты
Егер сіз бағдарламаға қатысуға жіберілсеңіз тәлімгеріңізбен ортақ шешім негізінде анықталған күні, уақыты мен орнында кездесесіз. Егер сіз тәлімгеріңіздің офисінде кездесетін болсаңыз, тиісті киім үлгісін сақтаңыз.
Тәлімгеріңізбен арақатынасыңыз негізінен сіз бен тәлімгеріңіздің қызметіне байланысты болады. Бағдарлама шеңберіндегі менторлық қарым-қатынастар индивидиуалды болып саналады. Кейбір тәлімгерлер студенттермен кездесулерді бағдарлама талаптарынан артық ұйымдастырады, ал басқалары тек қажеттілік туындаған жағдайда ғана кездесуді қалайды. Бұл тәлімгерлік туралы келісімшартта реттеледі. Тәлімгерлер мен студенттердің көбісі бағдарлама тақырыбын талқылаудан бастайды; осы тұста сіз және сіздің тәлімгеріңіз кез-келген келісілген тақырыпты талқылай аласыздар. Мысалы, тәлімгер екеуіңіз байланыстарды орнату, немесе жұмысқа байланысты басқа тақырыптарды талқыға саласыздар.
Тәлімгеріңіз сіз үшін ерікті түрде өз уақытын бөлетінін ұмытпаңыз. Кез-келген уақытта кездесуге дайын болыңыз, өйткені сіздің тәлімгеріңізде басқа да көптеген міндеттері бар екендігін есте сақтаған жөн. Сізге сәйкес келетін жұмысты іздеу барысында тәлімгеріңіз сізді жұмысқа орналастыруға міндетті деп ойламаңыз. Тәлімгеріңізбен қарым-қатынасыңыз – қажетті кәсіби дағдыларға ие болу мен оларды дамыту мүмкіндігіңіз.
Қатысушыларды қабылдау екі сатыда өтеді: резюме тапсыру мен жеке сұхбаттасу. Қабылдау күзгі және көктемгі семестрлерде өткізіледі. Резюме жібермес бұрын бағдарлама туралы толық білу және жоғарыда аталған талаптарға сай келетіндігіңізді түсіну үшін қосымшадағы «Бағдарлама туралы» ақпаратымен танысыңыз. Оған көзіңіз жеткеннен кейін резюмеңізді Алина Давардың электронды поштасына (a.davar@kimep.kz) жіберіңіз.
Тәлімгерлік бағдарламасы тек заңгер студенттер үшін ғана емес, КИМЭП Университетінің барлық факультеттерінің студенттері үшін де жүргізілетіндігін ерекше атаймыз!