Миссиясы: Құқық мектебінің миссиясы – отандық және халықаралық құқық саласындағы бакалавриат (LL.B) және магистратура (LL.M) деңгейіндегі жоғары сапалы білім беру, ол арқылы – студенттерді Қазақстандағы, Орталық Азиядағы және бүкіл әлем жүзіндегі бизнесті, эклономиканы, практикалық заңгерлік қауымдастығын және азаматтық қоғамды дамытуда көшбасшылық және басқарушылық рөлдерді алу үшін даярлау.
Оқыту тілі: Барлық сабақтар ағылшын тілінде өткізіледі. Кейбір пәндер құрамында қазақ және орыс тілдеріндегі терминология бар.
Бағдарлама құрамы: КИМЭП Унивесритетінің Құқық мектебі Батыстық технологияларын қолдана отырып, Қазақстандық құқықты оқытуда. Бағдарламаларда оқу барысында студенттер сыни ойлау және мәселелерді шешу дағдыларына ие болады. Осыған қоса, студенттер заңгерлік құжаттарды практикалық түрде құрастыруды, келіссоздерді жүргізуді және адвокаттық қызметтерді жасауға үйренеді.
Іс тәжірибесі көрсеткендей, заңгенрлік білімс алудың осындай тәсілдемесі студенттерге заңгерлік қызметтінң практикалық және теориялық дағдылар және құқықтану егжей-тегжейі туралы тиімді білім береді.
Одан артық, құқық мектебі халықаралық деңгейде танымал ғалымдар, серіктес университеттер мен зерттеу институттарымен ынтымақтастықта дәрістер, семинарлар және конференциялар ұйымдастыруда.
Оқытушылар құрамы: Құқық мектебінде отындық және шетел ғалымдар мен тәжірибешәл заңгерлер сабақ береді. Оқытушылар оқытудың ең жоғары сапасына жету үшін барлық күштерін салады да, студенттердің білімін зерттеулер жүргізу арқылы үнемі жетілдіруге тырысады. Олар өз мақалаларын халықаралық рецензияланған журналдарда жариялайды және өз мамандану салаларындағы кітаптар шығаруға ұлестерін қосады.
Аккредитация және рейтинг: Құқық магистратурасы бағдарламасы Австриялық сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу агнеттігінен (AQAAA) еуропалық аккредитациясын алды, ал 2014 жылы қазақстандық Білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігі (БСҚА) оны еліміздегі ең жақсы құқық білім беру бағдарламасы ретінде мойындады.
Халықаралық мүмкіндіктер: КИМЭП Университетінің халықаралық бөлімі құқық мектебіне шетелдік жоо-лармен белсенді алмасу бағдарламаларын жүргіздуде қолдауын көрсетуде.
Сабақтан тыс қызметтер: Құқық мектебінің аясында Заңгерлік клиника жұмыс істейді, ол студенттерге оқытушылардың көмегімен практикалық заңгерлік қызмет көрсету мүмкіндіктерін береді. Студенттер клиенттермен сұхбаттар және оларға кеңес беріп, іс жүзіндегі жағдайларды аныөтап және талдап, практикалық тәжірибе алуда. Заңгерлік клиника – заңгерлік кеңес алуға мұқтаж болатындарға осында кеңесті тегін беретін қайырымдылық бастама.
Түлектеріміз: Құқық мектебінің түлектері үздік аналитикалық дағдыларға ие болып, кез келген мәселенің қисынды шешімін таба алатын кәсіпқойлар. Олар зерттеу, жазу және шешендік дағдыларын аса жаттығып, ең жаңа беталыстарын қадғалайды да, өз кәсіби саласында үнемі білімін жетілдіреді.