Қысқаша аңдатпа
Еуразия құқық, инновация және даму орталығы (ЕҚИДО)
Клаудио Ломбарди
Орталық Азия мен Еуразияға ерекше көңіл бөле отырып, орталық құқық, экономикалық реттеу, инновациялар, қоғам және даму өзара қатынастарына назар аударады.
Негізгі мақсаты – құқық, инновациялар және дамудың мүдделер тоғысында тұрған әртүрлі тақырыптар бойынша ғалымдар, кәсіби практиктер және мемлекеттік құрылым өкілдерінің арасындағы дискурстар мен ынтымақтастыққа бастамашы болу. Осы мақсатта орталық көрсетілген салалардағы зерттеулерді дамытумен айналысады, конференциялар, семинарлар және басқа да ғылыми іс-шаралар ұйымдастырады, бұл ретте Орталық Азиядағы реттеуші қызмет үшін анықтамалық және ақпараттық ресурс болады.
Сонымен қатар Орталық студенттердің құқық, экономика және реттеуші қызмет салаларына деген қызығушылықтарын арттыруға тырысады, сондай-ақ осы тақырыптар бойынша семинарлар ұйымдастырады. Сонымен, орталық құқықтану және басқа да әлеуметтік ғылымдар пәндеріндегі идеяларды өзара байытуды арттыруға тырысады. Осы бағыттағы оның қызметі Қазақстан мен Еуразияда болып жатқан реттеуші өзгерістер тұрғысынан уақытылы және пайдалы болып табылатын пәнаралық зерттеулерді жүргізуге бағытталған. Атап айтқанда, қысқа және орта мерзімді перспективада орталық инновациялардың өзара байланысы мен сауда және бәсекелестік саласындағы нормативтік ережелерді әзірлеуге баса назар аударады; зерттеу қызметі мен шаралар да «Бір белдеу-бір жол» жобасымен, сауданы ырықтандыру реформаларымен, Қазақстанда бәсекелестік туралы жаңа ережелерді әзірлеп, енгізумен байланысты. Орталық сонымен бірге оқытушылар мен студенттердің қатысуымен жасалған бірлескен зерттеу нәтижелерін көрсететін «жұмыс материалдары» топтамасын шығарады.
Директор: профессор Клаудио Ломбарди